
ЛЕГИОНЕР-МУЗЫКАНТ ӘЛІМ АЛМАТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

2026 жылғы 6 мамырда Халықаралық қатынастар факультеті Шығыстану кафедрасы және Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Әлім Алмат және ақталмаған легионерлер» атты ғылыми семинар өтті. Іс-шара аясында Шығыстану кафедрасының профессоры, алаштанушы-ғалым К.М..Ильясованың «Тағдыр - тарих: Скрипкашы Әлім Алматтың күнделікті өмірі» атты монографиясының тұсаукесері болды. Ғылыми семинарға қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, өнертанушылар, Әлім Алматтың ұрпақтары мен жас ғалымдар қатысты. Олар тұлғатану бағыты бойынша репрессия, II дүние жүзілік соғыс, түркістан легионерлері, сот-тергеу процесстері, ақтау мәселесі төңірегінде сөз қозғады.
Саясаттану ғылымдарының докторы, профессорӘ.Бәкіров, «Қазақ газеттері» медиахолдингінің Бас директоры Д.Қамзабекұлы, т.ғ.д., профессорБ.Аяған, Мемлекет тарихы институтының директоры Н.С. Пұсырманов, өнертану докторы Д.Жұмабекова, ф.ғ.д., профессор С.Негимов, т.ғ.д., профессор Т.Қайыркен, ф.ғ.д., профессор А.Шәріп, т.ғ.к., доцент Ә.Әлпейісов, опера әншісі, профессор К.Мыржықбай, ақтөбелік өлкетанушы Б.Мырзабай, және Әлім Алматтың ұрпақтары Р.Рахиұлы, Н.Абдолла және т.б. қазақтың тұңғыш скрипкашысы, соғыс тұтқыны, ақталмаған музыкант Әлім Алматқа қатысты қызықты мәліметтер айтты. Ғылыми семинарға қатысушылар легионер-музыкант Әлім Алмат туралы кітап көрмесі мен 3-курс студенті М.Есбол, 2-курс студенті А.Омарова дайындаған видеоролик материалдарын тамашалады. Модератор Шығыстану кафедрасының қауымдастырылған профессорыАқжігіт Әлібекұлы болды.
