
2026 жылғы 13 мамырда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде «Біздің таңдауымыз – Шығыс» атты бейнероликтер байқауының II кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

2026 жылғы 13 мамырда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде «Біздің таңдауымыз – Шығыс» атты бейнероликтер байқауының II кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің Шығыс мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және шығыс тілдерін насихаттау болды.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің тың идеялары мен креативті көзқарастарын таныстырып, Шығыс елдерінің мәдениеті, салт-дәстүрі мен тілдік ерекшеліктерін бейнеролик форматында ұсынды. Әр команда көрермендер мен қазылар алқасының назарын ерекше стилімен, мазмұндық тереңдігімен және техникалық сапасымен баурап алды.
Іс-шараның ашылу салтанатында университет әкімшілігі мен факультет оқытушылары қатысушыларға сәттілік тілеп, факультеттің шығармашылық бастамаларды әрдайым қолдайтынын атап өтті. Сонымен қатар, студенттердің белсенділігі мен ұйымшылдығы ерекше бағаланды.
Байқауға қатысқан командалар өз жұмыстарында Шығыс өркениетінің бай мұрасын, ұлттық құндылықтарын және қазіргі заманмен үндестігін әсерлі түрде көрсете білді. Қатысушылардың өнері көрермендердің ыстық ықыласына ие болып, шара ерекше атмосферада өтті.
Конкурс қорытындысы:
1-орын – Елубаева Елнар
2-орын – «Japanese Gang» командасы, капитаны Турмухамбетова Дамира
3-орын – «East or Beast» командасы, капитаны Омарова Амира
Іс-шара соңында жеңімпаздар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Байқауды ұйымдастыруға атсалысқан Шығыстану кафедрасы мен «Шығыстану» білім беру бағдарламасының студенттері жоғары ұйымдастырушылық деңгей мен шығармашылық белсенділік көрсетті.
