
6В02209 – «Шығыстану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерінің өндірістік практикасының қорытынды конференциясы

2026 жылғы 22 маусымда Халықаралық қатынастар факультетінің Шығыстану кафедрасында 6В02209 – «Шығыстану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерінің өндірістік практикасының қорытынды конференциясы өтті.
Өндірістік практика 2026 жылғы 18 мамыр мен 20 маусым аралығында бес апта бойы өткізілді. Осы кезеңде студенттер практика бағдарламасын практика базаларында сәтті орындап, кәсіби даярлықтарының жоғары деңгейін, жауапкершілігін және теориялық білімдерін кәсіби қызметте тиімді қолдана алатындығын көрсетті.
Практика барысында SMART.ENU заманауи білім беру экожүйесін меңгеруге ерекше көңіл бөлінді. Осы жүйе арқылы білім алушылар есептік құжаттарын тапсырып, практика жетекшілерімен өзара байланыс орнатты.
Қорытынды конференция өндірістік практиканың соңғы кезеңі ретінде ұйымдастырылып, оның нәтижелері қорытындыланды, студенттердің жетістіктері талқыланды. Практика білім алушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға ықпал етіп, олардың болашақ кәсіби қызметке дайын екендігін айқындады.
Автор: А.Ж. Кабирова
