
«ЕО жұмсақ күшінің жаһандық және аймақтық өлшемдері» атты III- Халықаралық жазғы мектеп өз жұмысын жалғастыруда

Орталық Азия мен Еуропаның сарапшылары және академиялық қауымдастығының (университет, колледж және орта мектеп профессорлары), сондай-ақ жас зерттеушілердің (магистратура және докторантура студенттері) 150-ге жуық өкілдерін біріктерген «ЕО жұмсақ күшінің жаһандық және аймақтық өлшемдері» атты III- Халықаралық жазғы мектеп өз жұмысын жалғастыруда. Бұл мектеп Erasmus+ бағдарламасы бойынша Еуропалық Комиссиямен бірлесіп қаржыландырылатын «Жан Моне шеберлік орталығы «EUROSOFT»» жобасын іске асыру жоспарының бөлігі болып табылады. Жазғы мектептегі спикерлердің қатарында ЕО мүше мемлекеттерінің елшіліктерінің жоғары лауазымды өкілдері, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қызметкерлері және Испания, Польша және Аргентинадан академиялық сарапшылар бар.
Португалия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің миссия басшысы Хосе Атаиде Амарал Португалияның Қазақстан мен Орталық Азиядағы жұмсақ күші туралы өз көзқарасымен бөлісіп, тыңдаушыларды құрметке бөледі. Жоғары мәртебелі Португалия Елшісі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Жан Монне EUROSOFT шеберлік орталығы жобасының жақын досы.
Жазғы мектеп қатысушылары Францияның Қазақстандағы елшілігінің білім беру және университеттермен ынтымақтастық жөніндегі атташесі Грета Комор Тилуа ханымның Францияның және тұтастай алғанда ЕО-ның жұмсақ күшін қалыптастырудағы еуропалық оқулықтардың рөлі туралы дәрісін тыңдау мүмкіндігіне ие болды.
«Erasmus+ EU білім беру және ғылым саласындағы серіктестікті дамытудың тиімді құралы ретінде» атты дәрісінде Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Erasmus+ кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуанова Еуропалық Одақтың студенттер мен оқытушылар құрамы үшін академиялық мобильділікті кеңейту, Еуропа мен Орталық Азия университеттері арасындағы бірлескен жобалар және Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін жетілдіру үшін ұсынатын мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтып өтті.
Тыңдаушылар үшін еуропалық зерттеушілердің өз аузынан ЕО-ның жұмсақ күшінің әлеуеті мен шектеулері туралы есту құнды болды. Профессор Хуан Луис Лопес Арангурен (Испания) өз дәрісінде Үнді-Тынық мұхиты аймағында Еуропаның жұмсақ және қатты күшінің таралуы туралы баяндады. Осылайша, профессор жер шарының барлық дерлік аймағын қамтитвн ЕО-ның жұмсақ күшінің жүзеге асырылуының жаһандық географиясын ашып көрсетті.
Еуропалық сыртқы қатынастар кеңесінің аға ғылыми қызметкері және Варшава университетінің (Польша) саясаттану кафедрасының доценті Симон Кардаш ЕО-ның энергетикалық тәуелсіздікке жету жолын талдап, жеке елдер үшін де, тұтастай алғанда ЕО үшін де жұмсақ күштің экономикалық негізінің жай-күйін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Төтенше және Өкілетті Елші және Грузия Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Давид Апциаури «Қазіргі геоэкономикалық жағдайдағы ЕО және Қытай» тақырыбы бойынша құнды, өзекті ақпарат пен деректермен бөлісті. Тәжірибелі дипломат және зерттеуші ретінде профессор әлемдік экономикадағы даулы аспектілер мен соңғы үрдістерді, сондай-ақ ЕО мен Қытайдың ондағы рөлін саралады.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саясатты зерттеу институтының басқарма төрағасының орынбасары, философия докторы Манарбек Шакирович Кабазиевтің Қазақстанның сыртқы саясатының жұмсақ күш компоненті туралы дәрісі қатысушылар арасында айтарлықтай практикалық қызығушылық тудырды, бұл мемлекеттің өзін орта держава ретінде көрсетуі үшін қажетті көрсеткіш болып табылады.
Барлық дәрістерден кейін сұрақ-жауап сессиясы және атап өтілген мәселелер бойынша қызу пікірталастар өтті. Қатысушылар онлайн және оффлайн режимінде ауызша және чат арқылы алғыстарын білдірді.
