
Павлодар облысының мемлекеттік архивіне ғылыми іссапар

AP26102721 «1918 1920 жылдардағы саяси өзгерістер контекстіндегі халықтың өмір сүру деңгейін талдау: Шығыс Қазақстан мысалында» атты зерттеу бағдарламасының жоспарына сәйкес 2026 жылдың 17-27 маусым аралығында Павлодар қаласындағы Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатына ғылыми іссапар ұйымдастырылды. Зерттеу барысында Азаматтық соғыс кезеңіне қатысты архивтік құжаттар қарастырылып, тақырыпқа сай дереккөздер жүйеленді және ғылыми талдауға іріктелді. Ғылыми іссапарға жоба жетекшісі, Саясаттану кафедрасының қауымдастырылған профессоры -Г.С. Абдрахманова, жобаның бас ғылыми қызметкері Саясаттану кафедрасының қауымдастырылған профессоры- Т.С. Каленова, қатысты. Іссапардың басты мақсаты – 1918–1920 жылдардағы Шығыс Қазақстан өңіріндегі саяси өзгерістер кезеңінде халықтың өмір сүру деңгейіне әсер еткен әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық факторларды мұрағат деректері негізінде зерттеу.
Ғылыми жоба аясында Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеудің негізгі мақсаты – музей қорында сақталған тарихи деректерді, фотоматериалдарды зерделеу арқылы зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми мәліметтерді жинақтау.Зерттеу барысында музейдің қор бөліміндегі материалдармен жұмыс жүргізілді. Қор құжаттары, тарихи фотосуреттер қарастырылды.
Іссапар нәтижесінде жиналған мұрағаттық деректер ғылыми жоба тақырыбына сәйкес маңызды мәліметтер алынды.
