
Саясаттану кафедрасында ішкі тәртіп және желілік мәдениетке арналған кураторлық сағат өтті

2026-2027 оқу жылының басталуына орай, 2026 жылдың 9 қыркүйегінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің Саясаттану кафедрасында маңызды кездесу ұйымдастырылды. «Саясаттану» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері оқитын С-23 тобында жаңа оқу жылының міндеттері мен бағыттарын айқындайтын кураторлық сағат өткізілді. Жиынды топ кураторы Дәрмен Қалиолаұлы жүргізді.
Кездесудің басты мақсаты – білім алушылар арасында университеттің ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтауды түсіндіру және әлеуметтік желілерді пайдалану мәдениетін қалыптастыру болды. Куратор Дәурен Қалиолаұлы студенттерге академиялық адалдық, этика нормалары және цифрлық кеңістіктегі жауапкершілік туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Әсіресе, болашақ саясаттанушылар үшін ақпараттық сауаттылық пен желідегі парасатты мінез-құлықтың қаншалықты маңызды екендігіне ерекше назар аударылды.
Кураторлық сағат барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Мұндай іс-шаралар білім алушылардың оқу орнының қоғамдық өміріне тез бейімделуіне, сондай-ақ өзара сыйластыққа құрылған академиялық ортаны қалыптастыруға зор үлес қосады. Кездесу соңында куратор жастарға жаңа оқу жылында толағай табыстар мен оқуда озат болуды тіледі.
