
Иран Ислам Республикасы Елшілігінің өкілімен кездесу

2026 жылғы 9 қыркүйекте Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің Шығыстану кафедрасында Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің жаңадан тағайындалған мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Расул Исмаилзаде Дузалмен кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын іске асыру, академиялық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ оқытушылар мен студенттер арасында тәжірибе алмасуды ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Сонымен қатар тараптар ирантану бағытын дамыту, парсы тілін, Иран тарихы мен мәдениетін оқытуға қолдау көрсету және бірлескен мәдени-ағартушылық іс-шаралар өткізу мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Кездесуге Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Расул Исмаилзаде Дузал, Халықаралық қатынастар факультетінің деканы М.М. Косыбаев, Шығыстану кафедрасының меңгерушісі Г.У. Биримкулова және кафедра оқытушылары қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді әріптестікті нығайтуға және алдағы уақытта бірлескен ғылыми, білім беру және мәдени бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.
