
ЕҰУ-да Қытай инженерлік академиясының академигі Ма Юншэн бастаған делегациямен кездесу өтті
2026 жылғы қыркүйекте Қытай инженерлік академиясының академигі, CCUS саласындағы инновациялық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық ұйымның (ICTO) төрағасы Ма Юншэн бастаған делегация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне достық сапармен келді. Делегация құрамында ICTO-ның Бас хатшысы Ли Ян, Sinopec компаниясының Ресей және Орталық Азия өкілдігініңҚазақстандағы бас өкілінің орынбасары Фан Сяннань жәнебасқа да қонақтар болды.
Сапар аясында Ма Юншэн университеттің ғылыми зерттеулер және ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру жөніндегі проректоры Абзал Талтеновпен кездесті. КездесугеХалықаралық қатынастар факультетінің деканы М.М. Косыбаев және Шығыстану кафедрасының меңгерушісі Г.У. Биримкулова қатысты.
Аталған сапар өзара әріптестікті нығайтуға, CCUS саласындағы ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақҚазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасыарасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрідамытуға жаңа серпін берді.
