
«Аймақтану» кафедрасының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өткізілген кураторлық сағат өтті

«Аймақтану» кафедрасының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өткізілген кураторлық сағат өтті
Өткізілген күні: 21 қыркүйек 2026 жыл
Іс-шара тақырыбы: «Жастардың сыбайлас жемқорлықпен күреске көзқарасы»
Қатысушылар: «Аймақтану» кафедрасының оқытушылары мен білім алушылары
2026 жылғы 21 қыркүйекте «Аймақтану» кафедрасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жастардың сыбайлас жемқорлықпен күреске көзқарасы» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін теріс салдары туралы түсінігін кеңейту, заң талаптарын сақтау, академиялық адалдық пен кәсіби әдеп қағидаттарын ұстану қажеттілігін түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.
Кураторлық сағат барысында Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі қағидаттары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары және әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі талқыланды. Білім беру ортасындағы адалдық, ашықтық, жауапкершілік және этикалық нормаларды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара пікірталас форматында ұйымдастырылып, студенттер сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдары, жастардың оны алдын алудағы рөлі, заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтарға бейжай қарамау мәселелері бойынша өз пікірлерін білдірді.
Кафедраның аға кураторы А.И. Молдалиева жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Ол білім алушыларды заң талаптарын сақтауға, кәсіби және академиялық әдеп қағидаттарын ұстануға, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік танытуға шақырды.
А-41 тобының студенттері Тортаева Анель және Курманали Анель өз сөздерінде сыбайлас жемқорлықпен күресте жастардың азаматтық жауапкершілігіне ерекше назар аударды. Студенттер сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің дамуына, қоғамдық сенімге және заң үстемдігіне теріс әсер ететінін атап өтті.
Кураторлық сағат нәтижесінде білім алушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру адалдық, жауапкершілік, заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидаттарына негізделуі тиіс.
Өткізілген іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, академиялық және кәсіби адалдық құндылықтарын нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыруға бағытталды.
«Аймақтану» кафедрасы
