
Саясаттану кафедрасында «Саясаттану» мамандығының 3-курс студенттеріне арналған ашық семинар

«Саясаттану» мамандығының 2-курс магистранттары Айдана Болатбаева мен Дилярам Хамитованың (ғылыми жетекшісі – саяси ғылымдарының кандидаты, профессор Е.Л. Нечаева) педагогикалық практикасы аясында саясаттану кафедрасында 3-курс студенттеріне арналған ашық семинар өтті.
Сабақ «Геосаяси аукцион: Ұлы шахмат тақтасындағы Орталық Азия» іскерлік ойыны форматында ұйымдастырылды. Қатысушылар түрлі әлемдік және аймақтық державалардың атынан өкілдік ететін командаларға бөлініп, ойын барысында Орталық Азияның стратегиялық маңызын, ықтимал тәуекелдер мен мемлекеттердің аймақтағы мүдделерін бағалады.
Геосаясатты зерделеу аясында алынған білімді іс жүзінде қолдануға ерекше назар аударылды. Студенттерге өз командаларының ұстанымдарын дәлелдеу, келіссөздер жүргізу, шектеулі уақыт жағдайында шешімдер қабылдау және басқа қатысушылардың іс-әрекеттерін ескеру қажет болды.
Ойын форматы семинарды неғұрлым серпінді етуге және студенттерді халықаралық қатынастардың өзекті мәселелерін талқылауға тартуға мүмкіндік берді. Қатысушылар жұмысқа белсенді араласып, өз шешімдерін ұсынды және командаларының ұстанымдарын қорғады.
Мұндай сабақ форматтары теориялық дайындықты практикалық жұмыспен ұштастыруға және студенттердің талдау, дәлелдеу, келіссөздер жүргізу және командалық өзара іс-қимыл дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
