
Шығыстану кафедрасының 1 курс студенттерін клубқа қабылдауға арналған іс-шара өтті
2026 жылғы 14 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті Шығыстану кафедрасының ұйымдастыруымен 1 курс студенттерін клубқа қабылдауға арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті.
Университеттің «Л.Н. Гумилев» атриумында өткен іс-шараны Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Қосыбаев Мирас Махмедунұлы ашып, студенттерге жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар Шығыстану кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы сөз сөйлеп, жас шығыстанушыларға ақ тілектерін арнап, алдағы оқу жолында табыс тіледі. Жоғары курс студенттері өздері меңгеріп жатқан тілде өнер көрсетіп, шығыс халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін таныстырып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Аталған іс-шара студенттер үшін жаңа оқу жылындағы бірлескен бастамалардың маңызды кезеңіне айналып, достық, шығармашылық және мәдени ынтымақтастық құндылықтарын нығайтуға ықпал етті.
