
«Әл-Фараби және “Қайырымды қала” тұжырымдамасы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді

2026 жылғы 14 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Саясаттану» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты Ибрагимов Алмас Абдималикұлы педагогикалық практика аясында «Шығыс саяси ілімдері» пәнінен «Шығыс саяси ілімдеріндегі әл-Фараби және “Қайырымды қала” тұжырымдамасы» тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді.
Сабақтың мақсаты — әл-Фарабидің саяси-философиялық мұрасын талдау және оның «Қайырымды қала» тұжырымдамасын қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-саяси үдерістерімен байланыстыру арқылы студенттердің сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Семинар барысында әл-Фарабидің қоғам, ортақ игілік, әділетті басқару және қайырымды басшы туралы көзқарастары қарастырылды. Сабақта проблемалық сұрақтар, Think–Pair–Share әдісі, топтық SWOT-талдау және «Саяси компас» рефлексиялық әдісі қолданылды.
Ашық сабақ студенттердің теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануына, саяси құбылыстарды сыни тұрғыдан бағалауына және тарихи-философиялық идеяларды қазіргі қоғамдық үдерістермен байланыстыра талдауына бағытталды.
Ғылыми жетекшісі: Копежанова Д.Е., аға оқытушы, PhD докторы.
