
2-курс магистранты Инирбаев Бекзат Дәуренұлы педагогикалық практика аясында ашық сабақ өткізді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің 2-курс магистранты Инирбаев Бекзат Дәуренұлы педагогикалық практика аясында «Халықаралық қатынастар теориясы» пәні бойынша «Халықаралық қатынастарға қатысушы дәстүрлі акторлары» тақырыбында онлайн интерактивті семинар форматында ашық сабақ өткізді. Сабаққа 3 курс студенттері қатысты. Сабақтың мақсаты – білім алушылардың халықаралық қатынастарға қатысушы дәстүрлі акторлардың (мемлекеттер, үкіметаралық ұйымдар, дипломатиялық институттар) түсінігін, рөлі мен функцияларын теориялық тұрғыдан қарастыру, олардың халықаралық жүйедегі орнын талдау дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар онлайн интерактивті семинар форматында студенттердің сыни ойлауын, пікірталасқа қатысу және өз көзқарасын дәлелдей білу қабілетін дамыту.
Сабақ басында халықаралық қатынастардағы қатысушы акторларға дефиниция беріп, талдау жұмысы өткізілді. Содан кейін студенттер екі топқа бөлініп, бірінші топ халықаралық қатынастардағы негізгі актор мемлекетті, екінші топ трансұлттық компанияны алып, талдап, олардың халықаралық қатынастардағы функциясын, рөлін, ықпалын көрсету – үйден дайындалып келіп таныстырды. Анализ-диспуттан кейін, Кейс тапсырма берілді. Кейс тапсырма бойынша қазіргі болып жатқан қақтығыстың бірін алып (Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс) акторлар картасын жасап, әр халықаралық қатынастар теориясы бойынша қақтығысқа қатысып отырған акторларға талдама жасалынды.
Сабақ соңында ашық сабақтың қорытындысы жасалып, негізі түйіндер істелінді. Студенттер сабаққа белсенді қатысып, жаһандық мәселелерде дәстүрлі акторлардың орның және олардың ықпалы мен функцияларын өз пікірлерінде атап өтті.
