
«Студенттердің кәсіби бағдары» тақырыбында кураторлық сағат

2026 жылдың 23 қазанында сағат 14:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 1-ғимаратының 310-аудиториясында саясаттану мамандығы бойынша оқитын төртінші курс студенттеріне (6B03106) оқытушылық тағылымдамасы аясында «Студенттерге мансаптық бағдар беру» тақырыбында тәлімгерлік сессиясы өтті.
Сессияны Халықаралық қатынастар факультетінің саясаттану кафедрасының саясаттану мамандығы бойынша оқитын екінші курс магистранты (7M03106) Жаслан Таужанұлы Ликеров жүргізді. Кездесудің мақсаты студенттердің мансаптық өзін-өзі анықтауына ықпал ету, қазіргі еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді талқылау және мансаптық жоспарлауға саналы көзқарас қалыптастыру болды.
Кураторлық сағат барысында кәсіби қызығушылықтар мен қабілеттерді анықтау, білім мен тәжірибені ұштастыру, түйіндеме дайындау, тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасуға қажетті дағдыларды дамыту мәселелері қарастырылды. Халықаралық қатынастар, мемлекеттік қызмет, талдау және зерттеу салаларындағы кәсіби мүмкіндіктерге назар аударылды.
Іс-шара соңында студенттерге жеке кәсіби даму жоспарын құру, шет тілдерін меңгеру, тәжірибелік дағдыларын жетілдіру және қолжетімді білім беру мен мансаптық мүмкіндіктерді тұрақты зерделеу ұсынылды. Кураторлық сағат студенттердің кәсіби өзін-өзі анықтауына және болашақ мансаптық бағыттарын айқындауына ықпал етті.
