
«Аналитика және журналистика» тақырыбында ашық сабақ өтті
2026 жылғы 30 қазанда сағат 09:00–09:50 аралығында 338-аудиторияда Шығыстану кафедрасының оқытушысы Токтарбек К. «6В02209 – Шығыстану» білім беру бағдарламасының Ш-31 тобында ашық сабақ өткізді. «Шығыс елінің медиадискурсы (Қытай тілі)» пәні бойынша «Аналитика және журналистика — 新闻分析与新闻报道» тақырыбында өткен сабаққа кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Сабақ барысында жаңалықтардағы ақпаратты ұсыну және талдау ерекшеліктері қарастырылып, факт, пікір, болжам және ұсыныстың айырмашылықтары түсіндірілді. Тақырып жүйелі әрі мазмұнды презентация арқылы ұсынылды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Сабақ соңында өтілген материал бекітіліп, студенттермен кері байланыс жүргізілді. Ашық сабақ оқытушының педагогикалық шеберлігі мен студенттерді белсенді жұмысқа жұмылдыра білуін көрсетті.
