
«Жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында кураторлық сағат

27.10.2026 күні саясаттану мамандығының 3 курсында «Жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Онда студенттер жемқорлық — мемлекеттік басқарудың тиімділігін төмендететін, әлеуметтік әділеттілікті бұзатын және халықтың билікке деген сенімін жоятын ең қауіпті құбылыстардың бірі ретінде алдын алу, оны жою, мемлекет басшысы жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» қағидаты туралы жан-жақты талдау жасалды.
Топ студенті Мақсұт Жансерік презентация жасап, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен 2026 жылғы заңнамалық өзгерістерді сараладық, жемқорлықпен күрес тек жазалаумен шектелмей, алдын алу, цифрландыру және ашықтық арқылы жүзеге асырылады деп өз пікірін айтты. Сондай ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» негізгі заңдар мен нормативтік база, осыған қатысты болып жатқан барлық өзгерістерге, реформаларға тоқтала отырып, пара алу, пара беру, ұсыну, уәде ету, парақорлыққа делдал болу да жауапқа тартылатынын жеткізді. Саясаттанушы студенттер жемқорлыққа қарсы саясаттың басқа елдердегі тәжірибесін салыстырды, оның ішінде Сингапур, Грузия, Эстония, Скандинавия елдеріндегідей азаматтық қоғам мен БАҚ-тың бақылау рөлін күшейту, жоғары оқу орындарында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлық туралы хабарлағандарды (whistleblowers) қорғау және ынталандыру, толық цифрландыруды жалғастыру — адам факторын барынша азайту (E-Qyzmet) сияқты шаралардың біздің елімізде де жүзеге асырылып жатқаны талқыланды.
Жемқорлықпен күрес — бір күндік науқан емес, ұзақ мерзімді және жүйелі жұмыс болып табылады. Ендігі басты міндет — осы механизмдерді толық және әділ жұмыс істету, жоғарыдағы жемқорлыққа нөлдік төзімділік таныту және қоғамның белсенді қатысуын қамтамасыз ету деп тәрбие жұмысын қорытындыладық.
