
«어디에 있어요?» тақырыбында ашық сабақ өтті
2026 жылғы 2 қарашада сағат 9:00–9:50 аралығында Шығыстану кафедрасының оқытушысы Бекташ Азиза Ділмұратқызы «6B02209 – Шығыстану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне «Екінші шығыс тілі (корей тілі)» пәні бойынша «어디에 있어요? – Қаладағы орындар және орналасқан жерді білдіру» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабаққа кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Сабақ барысында студенттер қаладағы орындардың атауларымен және олардың орналасуын білдіретін сөздермен танысып, алған білімдерін интерактивті тапсырмалар мен топтық жұмыстар арқылы тәжірибеде қолданды.
Сабақ соңында өтілген тақырып қорытындыланып, студенттерден кері байланыс алынды. Ашық сабақ барысында студенттердің сөйлеу дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлініп, интерактивті оқыту әдістері тиімді қолданылды.
