
Магистранттарының педагогикалық практика бойынша есептерін қорғау рәсімі өтті

2026 жылғы 1 қыркүйек пен 24 қазан аралығында Халықаралық қатынастар факультетінің білім беру бағдарламалары бойынша екінші курс магистранттары педагогикалық практикадан сәтті өтті. 2026 жылғы 26–31 қазан аралығында «Халықаралық қатынастар», «Шығыстану» және «Аймақтану» білім беру бағдарламалары магистранттарының педагогикалық практика бойынша есептерін қорғау рәсімі өтті.
Қорғау барысында магистранттар атқарылған жұмыстардың нәтижелері бойынша мазмұнды презентациялар ұсынып, өздері әзірлеген оқу-әдістемелік материалдарын таныстырды. Сонымен қатар білім беру үдерісінде интерактивті оқыту әдістері мен заманауи цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті. Практика барысында меңгерілген білімге, қалыптасқан біліктер мен кәсіби дағдыларға, сондай-ақ одан әрі кәсіби даму мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Қорғау қорытындысы бойынша практика жетекшілері магистранттардың педагогикалық қызметке даярлық деңгейін жоғары бағалап, олардың кәсіби құзыреттерін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсынымдар берді. Магистранттардың педагогикалық практика бағдарламасын толық көлемде орындағаны, теориялық білімдерін практикалық қызметте табысты қолданғаны және оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізуде құнды тәжірибе жинақтағаны атап өтілді.
Комиссия мүшелері магистранттардың алға қойылған мақсаттарға қол жеткізгенін, жоғары оқу орнындағы білім беру үдерісін ұйымдастыру және оқытушылық қызметтің ерекшеліктері туралы тұтас түсінік қалыптастырғанын атап өтті.
Қорытындылай келе, педагогикалық практиканың білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі екені, теориялық дайындық пен практикалық қызметтің өзара байланысын қамтамасыз ететіні, сондай-ақ болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға және дамытуға ықпал ететіні атап көрсетілді.
