
«Заң мен тәртіп» – әділетті қоғамның негізі. Университетте кураторлық сағат өтті
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
09.11.2026 12

9 қарашада куратор Туремуратов Олжас PS-15 тобының студенттерімен «Заң мен тәртіп» қағидаты» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Алдымен қатысушылар қағидаттың мемлекет құрылысындағы орнын талқылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заң мен тәртіп идеялары қоғам санасына берік орнығуы тиіс екенін атап өтеді.
Содан кейін студенттер аталмыш қағидат негізделген іргелі құндылықты жан-жақты талдады.
Әңгіме ашық форматта өтті. Студенттер күнделікті өмірден және университет ортасынан мысалдар келтіріп, ережелерді құрметтеу қауіпсіз әрі жайлы ахуал қалыптастыруға қалай көмектесетіні туралы ой бөлісті.
Бөлісу:
