
Университетте алдағы «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» науқаны аясында кураторлық сағат өтті
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
09.11.2026 14

9 қарашада куратор Туремуратов Олжас PS-15 тобының студенттерімен кураторлық сағат өткізді. Кездесу гендерлік теңдікке және әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жоюға арналды.
Алдымен қатысушылар гендерлік зорлық-зомбылықтың не екенін талдап, оның түрлерін талқылады. Содан кейін студенттер 2026 жылғы Жаһандық гендерлік алшақтық баяндамасының деректерімен танысты. Әлемде гендерлік алшақтық 69,2%-ға қысқарған, қазіргі қарқынмен толық теңдікке тек 120 жылдан кейін жетуге болады. 145 елдің ішінде 95-орын алатын Қазақстанның көрсеткіштеріне жеке тоқталды.
Сондай-ақ көмекке қайда жүгіну керектігі туралы айтылды. Куратор студенттерге зорлық-зомбылық туралы үндемеуге болмайтынын еске салды.
Бөлісу:
