
Жастар арасындағы діни сауаттылық
2026 жылдың қазан айында Ш-41 тобының студенттерімен «Жастар арасында діни сауаттылық деңгейін арттырудың жолдары» деген тақырыпта кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағаттың мақсаты ̶ білім алушылардың діни сауаттылық деңгейін арттыру, діни ақпаратты дұрыс қабылдау дағдысын қалыптастыру және радикал идеологияның алдын алу. Сонымен қатар студенттерге діни сауаттылықтың мәні мен маңыздылығы талқыланып, жастардың діни ақпаратты интернет пен әлеуметтік желілерден алуының қауіптері айтылды. Қоғамда болып жатқан діни мәселелердің алдын алу үшін мынадай жолдар ұсынылды: діни мазмұнды сыни бағалау дағдысын қалыптастыру; ресми және дәлелді діни ақпаратты цифрлық платформалардан ғана алу. Кураторлық сағат барысында студенттер діни сауаттылықтың қоғамдық тұрақтылық үшін маңыздылығын түсінді, тақырып бойынша өз пікірлерін айтты.
