
ЕҰУ-де этносаясаттанудағы ситуациялық талдау бойынша ашық сабақ өткізілді

2026 жылғы 4 қарашада «Саясаттану» білім беру бағдарламасының екінші курс докторанты Р.А. Қайжақпаров магистранттарға «Этносаралық қатынастар саласын зерттеу әдіснамасы» пәні бойынша ашық сабақ өткізді.
Сабақ педагогикалық практика аясында Microsoft Teams платформасын пайдалану арқылы қашықтан оқыту форматында ұйымдастырылды.
Сабақ барысында ситуациялық талдаудың теориялық-әдіснамалық негіздері, оның саяси процестерді зерттеудегі рөлі және этносаралық қатынастарды зерделеуде қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.
Нақты мысалдар негізінде аталған тәсілдерді этносаралық қатынастардың жай-күйін бағалау, қоғамдық шиеленістің алғышарттарын анықтау және мемлекеттік басқару тетіктерінің тиімділігін айқындау үшін қолдану ерекшеліктері ашып көрсетілді. Негізгі назар қақтығыстық жағдайлардың туындау себептері мен факторларын талдауға, олардың даму жағдайларын бағалауға, қақтығыстарды оқшаулау және шиеленістің өршуіне жол бермеу тетіктеріне аударылды.
Сабақтың практикалық бағыты магистранттарға теориялық-әдіснамалық тәсілдерді нақты қоғамдық-саяси процестерді талдауда қолдануға, сондай-ақ қақтығыс тудыратын факторларды анықтау, тәуекелдерді бағалау және негізделген әрекет ету нұсқаларын әзірлеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
