
«Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы: негізгі бағыттары және жастардың рөлі»

«Саясаттану» білім беру бағдарламасының 1 және 2-курс студенттері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылауға арналған бірлескен кураторлық сағат өткізілді. Кездесуді профессор Аскеева Г. Б. ұйымдастырды.
Іс-шара барысында 2-курс студенттері: Амангельды Айгерим, Енсегенов Ратмир, Полищук Дарья, Ержанова Альбина, Керейбаева Томирис, Оспан Шырайлым және Раисова Дильназ бірінші курс студенттерін Президент Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырып, мемлекеттік саясаттың басым бағыттары, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және қазіргі Қазақстан қоғамының алдында тұрған өзекті міндеттер туралы баяндады.
Мемлекеттілікті нығайту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, білім мен ғылымды дамыту, жастарды қолдау, сондай-ақ өскелең ұрпақтың елдің одан әрі дамуындағы рөлі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. 1 және 2-курс студенттері талқылауға белсенді қатысып, пікір алмасты, өз көзқарастарын білдіріп, қызықтырған сұрақтарын қойды.
Бірлескен кураторлық сағат әртүрлі курс студенттері арасындағы өзара байланысты нығайтуға, олардың дүниетанымын кеңейтуге, саяси сауаттылығын арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті.
