
Буллинг — өзгенің ғана емес, баршамыздың мәселеміз. Жауапкершілік — әрқайсымызға ортақ!

«Саясаттану» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне арналған «Буллингтің алдын алу: әркімнің жауапкершілігі» тақырыбында 2-курс докторанты Денира Балғұжинова кураторлық сағат өткізді.
Кездесу барысында буллингтің туындау себептері мен көрініс беру формалары, оның салдары және алдын алу тетіктері талқыланды. Студенттер әртүрлі елдердегі нақты жағдайларды қарастырып, буллингке қарсы күрестің халықаралық тәжірибесімен танысты, заңнамалық тәсілдер мен осындай әрекеттер үшін көзделген жауапкершілік шараларын талқылады.
Әсіресе практикалық жағдайларға ерекше назар аударылды: буллингті қалай анықтауға болады, оған қалай дұрыс әрекет ету керек және неліктен сырттай бақылаушының ұстанымы да маңызды?
Кездесудің басты қорытындысы: қауіпсіз әрі өзара құрметке негізделген орта қалыптастыру — тек білім беру ұйымдарының ғана міндеті емес, әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.
