
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК МЕКТЕБІ АЯСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
2026 жылдың 20 қарашасында университеттің Педагогикалық шеберлік мектебі аясында Шығыстану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты К.М.Ильясова «Тарихи процестерді зерттеу: жаңа концепциялар мен тұрғылар» тақырыбындағы шеберлік сабағын өткізді. Оның мақсаты - жас педагогтерге тәжірибелі профессордың Шығыс елдерінің тарихы бойынша тарихи процестерді жаңаша оқыту және зерттеуде қолданатын ғылыми-педагогикалық әдістері мен тәжірибесін таныстыру; тарихи процестерді студенттер мен магистранттарға интерпретациялау, теориялық және фактологиялық мәселелерді құрылымдаужәне тәлімгерлердің зерттеу әдістері мен дағдыларын қалыптастыру жолдарын қарастыру.
Профессор К.М.Ильясова көпжылдық педагогикалық тәжірибесіне сүйенеотырып, күрделі теориялық материалдарды студенттерге жүйелі әрі түсінікті жеткізудің тиімді жолдарымен бөлісті. Атап айтқанда, мәселені өркениеттік, пәнаралық, проблемалық және кешенді көзқарас тұрғысынан қарастыру, тарихи процестерді талдау,постколониалдық зерттеулерді салыстыру, сандық тарих пен түпнұсқалық деректерді пайдалану, тақырыптық карталарды пайдалану, сондай-ақ студенттер мен магистранттарды өзіндік ғылыми қорытынды жасауға баулу әдістері туралы атап өтті.
Шеберлік сабағы барысында жас педагогтар тарихи процестерді оқыту мен зерттеу барысында кездесетін қиындықтар, тақырыптық мәселелерді игертудің тиімді жолдары, ғылыми концепцияларды жан-жақты түсіндіру және студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруына байланысты сауалдар қойды. Баяндамашы сауалдарға өзінің ғылыми-педагогикалық тәжірибесіндегі нақты мысалдармен жауап берді.
Соңында қатысушылар шеберлік сабағында айтылған пәнаралық байланыс, проблемалық оқыту, конструктивизм, дереккөздерді талдау, салыстырмалы - тарихи әдіс, жеке және топтық жұмыс, зерттеушілік тапсырмалар жас педагогтардің университет оқу процесінде пайдалануға тиімді екеніне назар аударды.
