
Саясаттану мамандығының бірінші курс студенттері Испания Елшісінің дәрісіне қатысты
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
25.11.2026 14

19 қараша күні «Саясаттану» мамандығының бірінші курс студенттері куратор Аскеева Г.Б.-мен бірге Дипломатиялық мектепте өткен дәріске қатысты. Дәріс тыңдаушылары алдында Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтес мырза сөз сөйледі.
Кездесу барысында мемлекетаралық қатынастар, халықаралық шешімдер қабылдау және дипломаттардың кәсіби қызметі мәселелері талқыланды. Сонымен қатар студенттер Испанияның қазіргі халықаралық қатынастардағы рөлімен және дипломатиялық тәжірибенің ерекшеліктерімен танысты.
Дәріс болашақ саясаттанушыларға тәжірибелі дипломаттың кәсіби тәжірибесімен танысуға және халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Бөлісу:
