
Саясаттану кафедрасының 3-курс студенттерімен психологтың кездесуі

24 қараша күні, Халықаралық қатынастар факультеті Саясаттану кафедрасының 3-курс студенттермен психологтың кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты - студенттермен еркін қарым-қатынас орнату, олардың психологиялық жағдайын білу, мазалаған сұрақтарына жауап беру және қажетті психологиялық қолдау көрсету болды.
Кездесу барысында студенттер психологпен еркін форматта әңгімелесіп, өздерін толғандырған мәселелер мен қызықтырған сұрақтарын ортаға салды. Психолог студенттерге түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, күйзелісті, студенттік шақ барысындағы қиындықтарды жеңу бойынша пайдалы кеңестер берді.
Сонымен қатар, кездесу барысында студенттермен ашық диалог орнатылып, әрқайсысының пікіріне көңіл бөлінді. Кездесу жағымды атмосферада өтіп, студенттер белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті. Іс шараны ұйымдастырушы кафедрасының аға оқытушысы, Ph.d докторы Д.Е.Көпежанова
