
Аспандияр Саида Булатовнаның "8D03102 – Халықаралық қатынастар" білім беру бағдарламасы бойынша диссертациясының алдын ала қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық қатынастар кафедрасында Аспандияр Саида Булатовнаның "Еуропалық бірегейлік: даму перспективалары" тақырыбындағы философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясының алдын ала қорғауы өтеді.
Алдын ала қорғау өтетін орын: Қаныш Сәтбаев көшесі, 2, бас корпус, 401 аудитория, 2025 жылдың 2 желтоқсаны, Астана уақыты бойынша сағат 12.00.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҒЗИ-нің Халықаралық қатынастар кафедрасының базасында орындалды.
Алдын ала қорғау ағылшын тілінде өтеді.
Рецензенттер:
Кусаинова Алия Муратовна – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық қатынастар кафедрасының доцентінің міндетін атқарушы.
Камалджанова Тахира Анваржановна – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық қатынастар кафедрасының доценті, ғылым кандидаты.
Ғылыми жетекшілер:
Нурдавлетова Сания Моряковна – тарих ғылымдарының кандидаты, Халықаралық қатынастар кафедрасы профессорының міндетін атқарушы.
Шетелдік ғылыми жетекші:
Антонио Алонсо Маркос – PhD, Сан-Пабло университетінің профессоры.
