

Құрметті талапкер!
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің сайтына қош келдіңіздер.
Біз тағы да жоғары білім саласының үздігі атандық. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің бағалауы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақстандық жоғары оқу орындары арасында жоғары білікті мамандарды даярлауда көшбасшы болып танылды, атап айтқанда, біздің факультеттің «Аймақтану» және «Түркітану» білім беру бағдарламалары жоғары білімнің барлық үш деңгейі бойынша 1-орын иемденді, «Халықаралық қатынастар» мен «Шығыстану» білім беру бағдарламалары бакалавриат бойынша 1-орынға және магистратура бойынша 2-орынға тұрақтады.
Факультет халықаралық қатынастар саласында халықаралық қатынастар, аймақтану, шығыстану және түркітану бойынша бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайтын «Ұлттық мектеп» болып табылатындығын мақтан тұтады. Біздің түлектеріміз – жан-жақты білімді, пәнаралық және кәсіби құзыреттіліктерге ие сарапшылар. Бүгінде олар сұранысқа ие және халықаралық қатынастар, сыртқы саясат пен мемлекетаралық қатынастар мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда қызмет атқарады: шет елдердің Қазақстандағы елшіліктері, шетелдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық, мәдени және сауда өкілдіктері, сыртқы істер мекемелері, халықаралық ұйымдар, шетелдік компаниялар, шет елдердің мәдени орталықтары мен сараптамалық орталықтар.
Біздің факультет құрылғаннан бері еліміздің дарынды жастары үшін ғана емес, сонымен қатар таяу және алыс шетел студенттерінің оқу ордасына айналды. Факультетіміздің студенттері жетекші қазақстандық және шетелдік профессорлар мен практиктерден әлемдік стандарттар деңгейіндегі сапалы білім алу мүмкіндігіне ие. Шетелдік серіктестермен орнатылған қатынастар қос диплом бағдарламалары бойынша оқуға, академиялық ұтқырлыққа мүмкіндік береді, осылайша түлектерге қазіргі заманғы жағдайларға оңай бейімделуді қамтамасыз етеміз.
Біздің сайттағы ақпарат дұрыс шешім қабылдауға пайдалы болады деп сенемін. Сұрақтарыңыз болса, келесі жолдармен байланысуға болады:
Сізге осы күрделі сәтте өміріңіздің маңызды кезеңінен сәтті өтуіңізді тілеймін. Жүздескенше, сау болыңыз.
Факультет деканы
Косыбаев Мирас Махмедунович
