
Халықаралық қатынастар факультеті 2000 жылы 10 шілде күні Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ның ректорының № 58 бұйрығымен халықаралық қатынастар, саясаттану, аймақтану, шетел тілдері сияқты төрт кафедрамен құрылды.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ның ректорының 2010 жылғы 13 шілде күнгі № 924 бұйрығымен Халықаралық қатынастар факультетінде Шығыстану және Түркітану кафедралары ашылды.
Қазіргі таңда Халықаралық қатынастар факультетінің құрамына мына кафедралар кіреді:
- Халықаралық қатынастар кафедрасы;
- Аймақтану кафедрасы;
- Шығыстану кафедрасы;
- Түркітану кафедрасы;
- Саясаттану кафедрасы;
- Шетел тілдері кафедрасы;
- Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы.
Факультет қызметінің негізгі мақсаты – мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда халықаралық қатынастар, сыртқы саясат, мемлекетаралық байланыстар мәселелерімен айналысатын, кәсіби-аналитикалық, әкімшілік-басқару және сараптамалық-кеңестік шеберліктерге ие халықаралық қатынастар, аймақтану, шығыстану, түркітану салаларында жоғары квалификацияланған және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
ХҚФ-ның оқу үдерісінің негізгі бағыттары
Факультет келесі мамандықтар бойынша мамандарды даярлайды:

Факультет өз қызметінде Қазақстандағы шет елдердің елшіліктерімен, халықаралық ұйымдардың өкілдіктерімен, шет ел компанияларымен және мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнатқан.
