
ҚХА кафедрасы дәстүрлі түрде «Қазіргі күн тәртібінің этносаяси дизайны» тақырыбында панельдік сессия ұйымдастырды.

2026 жылғы 13 сәуірде Астана қаласында жас ғалымдарға арналған «ǴYLYM JÁNE BІLІM – 2026» халықаралық ғылыми конференциясы аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы дәстүрлі түрде «Қазіргі күн тәртібінің этносаяси дизайны» тақырыбында панельдік сессия ұйымдастырды.
Құттықтау сөзбен Марат Азильханов – Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі сөз сөйледі.
Өз сөзінде ол университеттің кәсіби кадрларды даярлаудағы, жас зерттеушілер мен ғылыми жобалаудағы таланттарды қолдаудағы үлесін атап өтті. Марат Азильханов Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамын және жас ғалымдарын ғылыми жетістіктері мен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін марапаттады.
Панельдік сессияда құттықтау сөздермен және ғылыми баяндамалармен аталған тұлғалар сөз сөйледі: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев, Мәжіліс депутаты Болат Керімбек, сондай-ақ Басқарма мүшесі-Сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі проректор Индира Рыстина.
Іс-шара аралас форматта өтті, оған Қазақстаннан және шетелден (Әзербайжан, Польша, АҚШ, Қытай, Өзбекстан және басқа елдерден) сарапшылар қатысты.
Кәсіби сарапшылар (қазылар алқасы) қазіргі этносаясатты дамытудың негізгі бағыттарына арналған ғылыми баяндамаларды қарастырды. Баяндамашылар конституциялық өзгерістер жағдайындағы этносаралық интеграцияның қоғамдық-саяси дизайны, мәдени әртүрлілікті басқару, халықтық дипломатияны дамыту, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, сондай-ақ этносаралық диалогты цифрландыру мәселелерін қамтыды.
Қазақстан Республикасында этносаралық қатынастарды реттеудің институционалдық тетіктеріне және қоғамдық келісімді нығайтуға, сондай-ақ осы саладағы халықаралық тәжірибені талдауға ерекше назар аударылды.
Барлығы панельдік сессияға 15 ғылыми баяндама-презентация ұсынылды, ал талқылауларға 40-тан астам жас ғалым қатысты.
Өткізілген конференция халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға және этносаяси үдерістерді зерттеудің заманауи тәсілдерін қалыптастыруға ықпал ететін маңызды ғылыми-диалогтық алаңға айналды.
Жас зерттеушілер ұсынған заманауи тәсілдерді зерделеу және жалпылау ғылым мен практика назарын бірлескен өзара іс-қимылға, ғылыми-сараптамалық сүйемелдеуге бағыттайды. Сонымен қатар, бұл үдеріс Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жағдайында цифрлық трансформация мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Конференция қорытындысы бойынша үздік ғылыми жұмыстар халықаралық конференция материалдарының жинағында жарияланатын болады.
