
Докторантураға түсу үшін түсу емтиханына құжаттарды қабылдау басталды

Докторантураға түсу үшін түсу емтиханына құжаттарды қабылдау басталды. Ол 2024 жылдың 3 тамызына дейін жалғасады.
Түсу емтиханына қатысуға тіркелу ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында өтеді app.testcenter.kz (http://app.testcenter.kz/).
Түсу емтихандары 4-20 тамыз аралығында өтеді.
Тіркелу барысында Сіз тестілеудің ОРНЫН (ҚАЛАСЫН) өзіңіз таңдайсыз.
Докторантураға білім беру гранттарының тізімі: https://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=7079
Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады:
1) ЖОО ректорының атына өтініш;
2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) шетелдік азаматтарды қоспағанда, ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ); ;
5) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат
6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
7) 3 х 4 сантиметр көлеміндегі фотосурет (электронды түрде);
8) шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
9) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе;
4), 5) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар тұпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
*Шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттар
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 5.0;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 35 балл;
*Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл кемінде – 417;
TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн)), шекті балл кемінде – 550;
Duolingo English Test (Дуолинго Ингиш тест), шекті балл кемінде – 80;
* Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады.
неміс тілін меңгеру бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В1) (DSH, Niveau В1) (ДЙСИЭИЧ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
TestDaF-Prufung Niveau В1 (тестдаф-прюфун ниво В1) (TDF Niveau В1) (ТЙДИЭФ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
француз тілін меңгеру бойынша:
Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ) – В2 деңгейінен төмен емес
