
"Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық қылмыстарының алдын алу" тақырыбында кураторлық сағат өтті
SMART.ENU
18.02.2026 16

18 ақпанда саяси ғылымдарының кандидаты, Халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Турханова Айгерим Жолтаевна ХҚ-23 тобында "Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстардың алдын алу" тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Корытындысында студенттер сталинг деген не екенін, оның түрлері мен салдары, сондай-ақ қудалаудан қорғаудың заңнамалық аспектілерін талқылады. Мұндай қылмыстардың алдын алу және зардап шеккендерді қолдау мәселелеріне аса назар аударылды.
Кураторлық сағат ашық диалог түрінде өтті. Әркім сұрақ қойып, өз ойын ортаға салды. Студенттерг тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігін атай келе, оқытушыға пайдалы және қызықты ақпарат үшін алғыстарын білдірді.
Бөлісу:
