
Магистранттардың өндірістік практика бойынша есептерін қорғау рәсімі өтті



2026 жылғы 19 қаңтар мен 21 ақпан аралығында «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша бейіндік бағыттағы 1-курс магистранттарының өндірістік практикасы өтті. Магистранттар практиканы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның Даму Банкі, Қостанай облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасында, «White Hill Capital Ltd» жеке компаниясында және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық ынтымақтастық департаментінде өтті.
2026 жылғы 24 ақпанда магистранттардың өндірістік практика бойынша есептерін қорғау рәсімі өтті. Қорғау барысында магистранттар комиссия алдында өз жұмыстарының нәтижелерін таныстырды. Магистранттар практика барысында меңгерген кәсіби құзыреттеріне ерекше назар аударды.
Комиссия магистранттардың өндірістік практика бағдарламасын толық көлемде орындағанын, кәсіби құзыреттердің жеткілікті деңгейін көрсеткенін және есептерін сәтті қорғағанын атап өтті.
