
Наурызнама аясындағы зерттеулер

Ағымдағы жылдың 15 – 22 наурыз аралығында BR28713029 «Қазіргі ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы халық шығармашылығының әлеуметтік рөлін зерттеу: рухани мәдениетті өзгерту және қайта құру» бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру ғылыми жобасының орындаушы-мүшесі, шетел тілдері кафедрасының доцент м.а., PhD докторы Тажитова Гульжахан Зарубаевна жоба аясында деректер қорын жинау мақсатында Тараз қаласына іссапарға барды.
Іссапар барысында Тараз қаласындағы «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау жэне қалпына келтіру» дирекциясының ұжымымен кездесіп, ұйымның тарихи-мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша жүргізетін жұмыстарымен танысып, сұхбаттар жүргізді.
Сонымен қатар «Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану» орталығының ұжымымен танысып, орталықтың жұмысы туралы ақпарат алынды. Бұл орталық Жамбыл облысындағы өңірлік руханиятты, тарихты, салт-дәстүрді насихаттайтын және жергілікті қаламгерлер мен ақындарды қолдайтын маңызды орталық. Орталықтың директоры Жасұлан Әбдіманап Лесбекұлы аталған орталықтың жұмысы және онда ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу бағытында атқарылатын жұмыстар жайында көп мағлұмат берді. Оның ішінде асабалармен, имамдармен, жалпы той өткізетін халықпен атақарылатын жұмыстар жөнінде айтты. Наурыз мерекесіне орай орталықта өткен «Құдалар қарсы алу» рәсімі және мектеп оқушылары арасында өткізілген «Баталар сайысы» деп аталын іс-шараға қатысып, сайыстың қазылар алқасының мүшесі болды. Осы орталықта жұмыс істейтін қызметкерлермен сұрақнама бойынша сұхбат алынды.

Сондай-ақ, қалада орналасқан белсенді ұзақ өмір орталығына барды, орталықтың жұмысымен, ондағы қарттардың салт-дәстүр бойынша атқаратын іс-шараларына қатысты, қолөнермен айналысатын 10 әжемен сұрақнама бойынша сұхбат өткіздім.

Одан басқа іссапар барысында «Анаға тағзым» деп аталатын әлеуметтік мәдени кешенге барып, осы орталықтың жұмысымен танысты. Бұл кешен- ұлттық құндылықтар мен отбасы тәрбиесін дәріптейтін орталық, мұнда көрме залы, тәрбие және тағылым бөлмелері, қолөнер шеберханасы, кітап оқу бұрышы, кеңес беру кабинеттері және түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар өтетін мәжіліс залдары бар. Бұл бөлмелер ұлттық құндылықтарды насихаттауға, отбасылық тәрбие беруге және ананың қоғамдағы рөлін дәріптеуге бағытталған.
Іссапар барысында «Әсем» кәсіби білім колледжінде өткізілген Наурыз мерекесіне қатысты. Мереке барысында өткізілген келінге сырға салу, келін түсіру, тұсау кесу рәсімдерін, «Арқан тарту», «Гир көтеру», «Армрестлинг» сияқты ұлттық ойындарды көрді. Аталған колледжде жұмыс істейтін оқытушылармен сауаланама сұрақтары бойынша сұхбат жүргізілді.

Өткізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері жүйеленіп, жоба аясындағы ғылыми талдаулар мен әзірленетін зерттеу материалдарында қолданылады.
