
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Халықаралық қатынастар саласында фундаментальді білімді игерген және оны өз сапасында қолдана алатын, халықаралық қатынастардың кешенді мәселелеріне талдау жасай білетін бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Бағдарлама халықаралық қатынастардың негізгі үш бағытын: дипломатия, сыртқы саясат, халықаралық-экономика және халықаралық жүйені халықаралық құқықтық реттеуді қамтиді.
Білім берудің негізгі нәтижелері
“Халықаралық қатынастар” бакалавриат деңгейіндегі білім беру бағдарламасының түлектері төмендегідей құзыреттіліктерді игереді: халықаралық қатынастар маманының қызмет ету аясы мен объектісін көре білу; теориялық білімдерін және практикалық дағдыларын халықаралық қатынастарды талдау үшін қолдана білу; әр түрлі ақпаратты іздеу, түсіну және сараптау дағдыларына ие болу және логикалық тұрғыда тұжырымдама жасай білу; қазіргі халықаралық жүйе мен әлемдік үдерістерді түсіне және түсіндіре білу. Халықаралық мәселелерді жаһандық, аймақтық, елдік деңгейде талдай білу; тарих, геосаясат, өркениеттік даму саласындағы білімге сүйене отырып, халықаралық үдерістердің, соның ішінде Орталық Азия аймағындағы халықаралық үдерістердің себеп-салдарлық негізін түсіну, айқындау және түсіндіре білу; ҚР сыртқы саяси қызметінің әр түрлі аспектілерін түсіндіре білу.
Түлектердің кәсіби бейіні:
«Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының түлегі ҚР Сыртқы істер министрлігінде, ҚР әртүрлі мемлекеттік басқару органдарында, ҚР сыртқы саяси қатынастар аясында, халықаралық ұйымдарда, трансұлттық корпорацияларда: референт, сарапшы лауазымында, халықаралық қатынастар саласында консультант, сыртқы саяси шолушы, сәйкес шет тілі бойынша аудармашы болып жұмыс істеу үшін даярланған. Сонымен қатар, ҚР ғылым және білім беру мекемелерінде, арнайы жоғары білімді типтік номенклатуралық қызметтердегі мамандарды ауыстыра алатын қызметкер ретінде даярланған.
Білім беру бағдарламасының даму жоспары
Оқу бағдарламасының түлектері моделінің сипаттамасы. 6B03102-Халықаралық қатынастар
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Білім беру бағдарламасының мақсаты - дүниетанымы кең, шығыстану саласында негізгі білімі бар және алған кәсіби білімін дамытып, жүзеге асыратын, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау. Берілген білім беру бағдарламасы халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шығыс елдерінің кешенді мәселелерін критикалық сараптау қабілеттерін қалыптастыруға, ағылшын тілі және екі шығыс тілін және бұл тілдерде жазбаша және ауызша түрде аударма жасаудың қолданбалы дағдыларын халықаралық нормаларға сәйкес меңгертуге арналған.
Білім берудің негізгі нәтижелері
Берілген бағдарламаны меңгергеннен кейін шығыстанушы-маман аудармашы-референттің қызметін, сараптамалық-аналитикалық және кеңес беру қызметін атқара алатын болады және дипломатиялық жұмыспен айналыса алады.
Түлектердің кәсіби бейіні:
Бакалавр дәрежесін алған түлектер - дипломатия және халықаралық қатынастар саласында, ұлттық және шетел компанияларымен, мемлекеттік қызмет органдарында қызмет ету. Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу институттарымен агенттіктерінде зерттеуші, кеңесші-аудармашы, сарапшы-эксперт біліктілігіне ие болады.Бұдан өзге аталмыш бағдарлама бітіруші түлектерге білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес алған академиялық біліктіліктерін халықаралық қатынастар салаларында ары қарай жетілдіруге береді.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ 2023-2024 «6В02209 – ШЫҒЫСТАНУ»
Білім беру бағдарламасының мақсаты
«Аймақтану» мамандығының білім беру бағдарламасының мақсаты - халықаралық қатынастар, экономикалық даму, мәдени алмасу және мәдениетаралық өзара әрекеттесу саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін осы білімдерді практикада қолдана алатын, аймақтық процестерді талдау және зерттеу, әлемнің әртүрлі аймақтарының даму ерекшеліктері саласында терең білім мен дағдыларға ие жоғары білікті мамандарды даярлау. Бағдарламаның негізгі мақсаттарына мыналар кіреді: әлемнің әртүрлі аймақтарының географиясы, тарихы, экономикасы, саясаты және мәдениеті бойынша теориялық білімдерді қалыптастыру; аналитикалық дағдыларды, зерттеу қызметіне және аймақтық процестер мен проблемаларды сыни талдауға қабілеттілікті дамыту; халықаралық қатынастар, аймақтық саясат, аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуы саласындағы практикалық қызметке дайындық; әртүрлі мәдениеттердің өкілдерімен тиімді өзара әрекеттесу үшін мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамыту; тәуелсіз ғылыми зерттеулер жүргізу үшін зерттеу құзыреттерін нығайту; мемлекеттік мекемелерде, халықаралық ұйымдарда, ғылыми-зерттеу институттарында, білім беру мекемелерінде және халықаралық деңгейде жұмыс істейтін бизнес құрылымдарында табысты мансапқа дайындық.
Оқу нәтижелерінің негізгі көрсеткіштері
«Аймақтану» бағдарламасының оқу нәтижелерінің негізгі көрсеткіштеріне мыналар кіреді: әлемнің әртүрлі аймақтарының географиясы, тарихы, экономикасы, саясаты және мәдениеті бойынша терең білім; аймақтық процестер мен проблемаларды сыни тұрғыдан талдау және бағалау қабілеті, тәуелсіз зерттеулер жүргізу үшін деректерді жинау және талдау әдістерін меңгеру; халықаралық қатынастар, аймақтық саясат, аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуы саласындағы практикалық мәселелерді шешу үшін теориялық білімдерді қолдану қабілеті, аймақаралық ынтымақтастық жобаларын әзірлеуге және іске асыруға дайындық; әртүрлі мәдениеттер мен аймақтардың өкілдерімен тиімді өзара әрекеттесу үшін мәдениетаралық коммуникацияның жоғары дағдылары; ғылыми зерттеулер жүргізу, зерттеу сұрақтарын тұжырымдау, әдіснамаларды әзірлеу және нәтижелерді ғылыми басылымдар мен баяндамалар түрінде ұсыну қабілеті; мемлекеттік мекемелерде, халықаралық ұйымдарда, ғылыми-зерттеу институттарында, білім беру мекемелерінде және бизнес құрылымдарда кәсіби қызметке дайындық, аймақтанумен байланысты түрлі салаларда табысты мансапқа қажетті білім мен дағдыларға ие болу.
Кәсіби қызмет салалары:
«Аймақтану» білім беру бағдарламасының бакалавры мемлекеттік мекемелерді, халықаралық ұйымдарды, ғылыми-зерттеу институттарын, білім беру мекемелерін және бизнес құрылымдарды қоса алғанда, кәсіби қызметтің әртүрлі салаларында жұмыс істеуге дайын. Олар өз білімдері мен дағдыларын қолдана алатын нақты мемлекеттік органдарға Сыртқы істер министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі және т.б. кіреді.
6В03105 Аймақтану білім беру бағдарламасы
Элективті пәндер каталогы
Білім беру бағдарламасының даму жоспары
«6В021200 - Түркітану»
Білім беру бағдарламасының мақсаты
«6B02212 – Түркология» білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық білім бакалавры. Түркі халықтарының тарихы, тілі, әдебиеті, этномәдениеті саласында интегративті білімі бар, түркі жазба ескерткіштерін талдау дағдыларын меңгерген және алған білімі мен дағдыларын кәсіби қызметте қолдана алатын гуманитарлық ғылымдар саласындағы түркологты даярлау.
Оқытудың негізгі нәтижелері
Тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияға кіру. Ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша цифрлық технологияны, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін пайдалану және тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдану. Философиялық білімді дүниетанымдық ұстанымды қалыптастыру үшін қолдану, азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін қоғамның тарихи дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын талдау. Дене шынықтыру әдістері мен құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық санаға ие болу.
Түлектердің кәсіби бейіні:
"Түркітану" білім беру бағдарламасының түлегі – бакалавры жұмысқа-оқытушы, сарапшы-түркітанушы, халықаралық байланыстар жөніндегі сарапшы, түркі БАҚ-тарында редактор болып дайындалды.
6B02212 - Түркітану» білім беру бағдарламасы» (бакалавриат) 2023
«6B02212 - Түркітану» элективті пәндер каталогы (бакалавриат) 2023
«6В02312-Шетел филологиясы: түрік тілі»
Білім беру бағдарламасының мақсаты
«6В02312-Шетел филологиясы: түрік тілі» білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық білім бакалавры. Түрік тілі мен әдебиетін (мәдениетін) меңгерген, білім беру және аударма қызметін жүзеге асыра алатын, өз білімін нақты практикалық міндеттерді шешу үшін қолдана алатын бакалаврды дайындау.
Оқытудың негізгі нәтижелері
Тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияға кіру. Ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша цифрлық технологияны, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін пайдалану және тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдану.
Түлектердің кәсіби бейіні:
"Шетел филологиясы: түрік тілі" білім беру бағдарламасының түлегі-бакалавры лицей – интернаттары (ҚТЛ), аударма орталықтары, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер, туристік фирмалар
6B02312 - Шетел филологиясы: түрік тілі» білім беру бағдарламасы (бакалавриат) 2023
«6B02312 - Шетел филологиясы: түрік тілі» элективті пәндер каталогы (бакалавриат) 2023
Білім беру бағдарламасы cаяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-зерттеулік ұйымдар, мемлекеттік органдар үшін саясаттанушыларды дайындауға арналған.
Саяси үдерістер мен саяси құбылыстардың ортақ белгілері мен спецификасын айқындау мақсатында талдау жүргізе алатын, саяси ұйымдастырудың ең тиімді формасы мен міндеттерді шешудің оңтайлы жолдарын табатын, саяси және сайлау кампанияларын ұйымдастыратын, саяси ұйымдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын жасау білетін білікті және жауапты қызметкерді дайындау. Саяси кеңесші, Саяси сарапшы, Саяси аналитик, Мемлекеттік қызметкер; Саяси технолог, Имиджмейкер, Спичрайтер.
6B03106 – "Саясаттану" білім беру бағдарламасы бойынша түлек моделі
