
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Білім беру бағдарлмасы iргелi әдiстемелiк және зерттеушiлік дайындығы бар және Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдықтары анықтауға негіз болатын мемлекетаралық қатынастар, халықаралық қауiпсiздiк және мемлекеттің сыртқы саясаты мәселелерi бойынша дербес зерттеулер өткiзуге қабiлеттi болатын ғылыми - педагогикалық кадрлардағы қажеттiктi қамтамасыз ету мақсатымен жасалған.
Білім берудің негізгі нәтижелері
Шет тілінде ғылыми-зерттеу терминдерін қолдана білу және халықаралық қатынастар саласындағы зерттеу жұмысын таныстара білу; Халықаралық қатынастар және пәнаралық салалардың мәселелері бойынша мәселелерді зерттеуде жүйелі түсінік көрсете білу; Өзекті зерттеу міндеттерін өз бетінше қоя білу және оларды шешудің әдістемелік жолын ұсыну, ғылыми зерттеудің бағдарламасын жасау, жүзеге асыру және үйлестіру, өз бетінше зерттеудің тұжырымдамасын шығару және оларды жазбаша және ауызша түрде сауатты жеткізу. Ғылыми-зерттеу тобының құрамында жұмыс істей бәлу және халықаралық қатынастар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасай білу; Халықаралық қатынастар мәселелерін зерттеудегі жаңа көзқарастарға, жаңа теорияларға негізделген идеяларға сыни талдай; бағалай және синтездей білу; Халықаралық қатынастар ғылымының дамуына айрықша зерттеулер арқылы үлес қосу және олардың нәтижелерін ұлттық және халықаралық басылымдарда жариялау.
Толығырақ
Кәсіби қызмет объектісі: ҚР Миністрліктері мен хабарламалары, ұлттық қорлар, қалалық және облыстық әкімшіліктер, алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік ғылыми-зерттеу институттары, доғарғы оқу орындары, шетел оқу орындарының қазақстандық филиалдары, БҰҰ жүйесіндегі халықаралық ұйымдар мен шетел оқу орындары, халықаралық аймақтық және үкіметтік емес ұйымдар, аналитикалық орталықтар, ғылыми-зерттеу мекемелерінде аналитикалық бөлімдер, инновациялық қорларда аналитикалық бөлімдер, ғылыми-мәдени орталықтарда аналитикалық бөлімдер.
Кәсіби қызмет түрлері: Жаһандық және халықаралық үрдістерді зерттеу аймағында зерттеу жұмысы, жоғарғы оқу орындарында педагогикалық қызмет, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарда аналитикалық жұмыс.
8D02212-Түркітану
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Білім беру бағдарламасы гуманитарлық ғылымдар саласында интегративті білімі бар, ғылыми зерттеудің жалпы ғылыми және кәсіби әдіснамасын меңгерген, нақты эмпирикалық міндеттерді шешуге қабілетті түрколог-ғалымды даярлауға бағытталған
Оқытудың негізгі нәтижелері
8D02212-Түркітану білім беру бағдарламасының түлектері: зияткерлік және білім беру қызметінде талап етілетін интегративті кәсіби білімді, түркі тілдері мен әдебиеті саласындағы терең білімді олардың сабақтастық байланысында және салыстырмалы-салғастырмалы аспектіде меңгеріп, білімді практикалық қызметте пайдалана алатын болады.
8D02212 - Түркітану» білім беру бағдарламасы (докторантура) 2023
«8D02212 - Түркітану» элективті пәндер каталогы (докторантура) 2023
Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: «Саясаттану» мамандығы бойынша докторантураны аяқтаған түлектер кәсіби қызметін келесі бағыттар бойынша жүргізе алады:
- саяси сараптамашы, зерттеуші, оқытушы, эксперт – саяси шешімдерді қабылдауға қажетті білімді басқара алатын маман, қоғамды-саяси ақпаратты талдап, ғылыми және оқытушылық қызметті жүргізе алатын маман;
- саяси лидер – кафедра түлектері қоғамдық ұйымдар мен партиялардың белсенділері, саяси лидерлер ретінде қолданбалы қызмет жасай алатын білімді игеріп шығады;
- сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар маманы – түлектер үкіметаралық және үкімет аралық емес халықаралық ұйымдарда талап етілетін білім мен қабілеттерге ие болып шығады;
- кеңесші, саяси консультант – саясаттанушы шешім қабылдайтын (депутаттар, атқарушы билік органдарының басшылары) тұлғалардың көмекшісі болып қызмет атқара алады;
- имиджмейкер, қоғаммен байланыс саласының маманы – саясаттанушы саясат саласында немесе қоғам өмірінің басқа да салаларында үлкен аудиториямен жұмыс жасай алып, маркетингтік зерттеу мен бағдарламалардың негізінде кәсіби коммуникацияны ұйымдастыра алады;
- конфликтолог – саясаттанушы-түлектер гуманитарлық білім мен кәсіби саяси сараптаманы, қоғамдық ойдың өзгеру динамикасын түсіну сиақты қабілеттерді біріктіре алады, сондықтан да медиаторлық нарықта әрдайым талапты болады;
- саяси технолог – сайлау алды кампанияларын ұйымдастыру кезінде саясаттанушының барлық қасиеттері қажет болады, олар: лидерлік, эксперттік-сарапшылық, коммуникативті, ұйымдастырушы.
8D03106-Саясаттану білім беру бағдарламасы бойынша түлек моделі
