
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Халықаралық қатынастар саласында фундаментальді білімді игерген және оны өз сапасында қолдана алатын, халықаралық қатынастардың кешенді мәселелеріне талдау жасай білетін бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Бағдарлама халықаралық қатынастардың негізгі үш бағытын: дипломатия, сыртқы саясат, халықаралық-экономика және халықаралық жүйені халықаралық құқықтық реттеуді қамтиді.
Білім берудің негізгі нәтижелері
“Халықаралық қатынастар” бакалавриат деңгейіндегі білім беру бағдарламасының түлектері төмендегідей құзыреттіліктерді игереді: халықаралық қатынастар маманының қызмет ету аясы мен объектісін көре білу; теориялық білімдерін және практикалық дағдыларын халықаралық қатынастарды талдау үшін қолдана білу; әр түрлі ақпаратты іздеу, түсіну және сараптау дағдыларына ие болу және логикалық тұрғыда тұжырымдама жасай білу; қазіргі халықаралық жүйе мен әлемдік үдерістерді түсіне және түсіндіре білу. Халықаралық мәселелерді жаһандық, аймақтық, елдік деңгейде талдай білу; тарих, геосаясат, өркениеттік даму саласындағы білімге сүйене отырып, халықаралық үдерістердің, соның ішінде Орталық Азия аймағындағы халықаралық үдерістердің себеп-салдарлық негізін түсіну, айқындау және түсіндіре білу; ҚР сыртқы саяси қызметінің әр түрлі аспектілерін түсіндіре білу.
Түлектердің кәсіби бейіні:
«Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының түлегі ҚР Сыртқы істер министрлігінде, ҚР әртүрлі мемлекеттік басқару органдарында, ҚР сыртқы саяси қатынастар аясында, халықаралық ұйымдарда, трансұлттық корпорацияларда: референт, сарапшы лауазымында, халықаралық қатынастар саласында консультант, сыртқы саяси шолушы, сәйкес шет тілі бойынша аудармашы болып жұмыс істеу үшін даярланған. Сонымен қатар, ҚР ғылым және білім беру мекемелерінде, арнайы жоғары білімді типтік номенклатуралық қызметтердегі мамандарды ауыстыра алатын қызметкер ретінде даярланған.
Білім беру бағдарламасының даму жоспары
Оқу бағдарламасының түлектері моделінің сипаттамасы. 6B03102-Халықаралық қатынастар
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Білім беру бағдарламасының мақсаты - дүниетанымы кең, шығыстану саласында негізгі білімі бар және алған кәсіби білімін дамытып, жүзеге асыратын, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау. Берілген білім беру бағдарламасы халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шығыс елдерінің кешенді мәселелерін критикалық сараптау қабілеттерін қалыптастыруға, ағылшын тілі және екі шығыс тілін және бұл тілдерде жазбаша және ауызша түрде аударма жасаудың қолданбалы дағдыларын халықаралық нормаларға сәйкес меңгертуге арналған.
Білім берудің негізгі нәтижелері
Берілген бағдарламаны меңгергеннен кейін шығыстанушы-маман аудармашы-референттің қызметін, сараптамалық-аналитикалық және кеңес беру қызметін атқара алатын болады және дипломатиялық жұмыспен айналыса алады.
Түлектердің кәсіби бейіні:
Бакалавр дәрежесін алған түлектер - дипломатия және халықаралық қатынастар саласында, ұлттық және шетел компанияларымен, мемлекеттік қызмет органдарында қызмет ету. Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу институттарымен агенттіктерінде зерттеуші, кеңесші-аудармашы, сарапшы-эксперт біліктілігіне ие болады.Бұдан өзге аталмыш бағдарлама бітіруші түлектерге білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес алған академиялық біліктіліктерін халықаралық қатынастар салаларында ары қарай жетілдіруге береді.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ 2023-2024 «6В02209 – ШЫҒЫСТАНУ»
Білім беру бағдарламасының мақсаты
«Аймақтану» мамандығының білім беру бағдарламасының мақсаты - халықаралық қатынастар, экономикалық даму, мәдени алмасу және мәдениетаралық өзара әрекеттесу саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін осы білімдерді практикада қолдана алатын, аймақтық процестерді талдау және зерттеу, әлемнің әртүрлі аймақтарының даму ерекшеліктері саласында терең білім мен дағдыларға ие жоғары білікті мамандарды даярлау. Бағдарламаның негізгі мақсаттарына мыналар кіреді: әлемнің әртүрлі аймақтарының географиясы, тарихы, экономикасы, саясаты және мәдениеті бойынша теориялық білімдерді қалыптастыру; аналитикалық дағдыларды, зерттеу қызметіне және аймақтық процестер мен проблемаларды сыни талдауға қабілеттілікті дамыту; халықаралық қатынастар, аймақтық саясат, аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуы саласындағы практикалық қызметке дайындық; әртүрлі мәдениеттердің өкілдерімен тиімді өзара әрекеттесу үшін мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамыту; тәуелсіз ғылыми зерттеулер жүргізу үшін зерттеу құзыреттерін нығайту; мемлекеттік мекемелерде, халықаралық ұйымдарда, ғылыми-зерттеу институттарында, білім беру мекемелерінде және халықаралық деңгейде жұмыс істейтін бизнес құрылымдарында табысты мансапқа дайындық.
Оқу нәтижелерінің негізгі көрсеткіштері
«Аймақтану» бағдарламасының оқу нәтижелерінің негізгі көрсеткіштеріне мыналар кіреді: әлемнің әртүрлі аймақтарының географиясы, тарихы, экономикасы, саясаты және мәдениеті бойынша терең білім; аймақтық процестер мен проблемаларды сыни тұрғыдан талдау және бағалау қабілеті, тәуелсіз зерттеулер жүргізу үшін деректерді жинау және талдау әдістерін меңгеру; халықаралық қатынастар, аймақтық саясат, аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуы саласындағы практикалық мәселелерді шешу үшін теориялық білімдерді қолдану қабілеті, аймақаралық ынтымақтастық жобаларын әзірлеуге және іске асыруға дайындық; әртүрлі мәдениеттер мен аймақтардың өкілдерімен тиімді өзара әрекеттесу үшін мәдениетаралық коммуникацияның жоғары дағдылары; ғылыми зерттеулер жүргізу, зерттеу сұрақтарын тұжырымдау, әдіснамаларды әзірлеу және нәтижелерді ғылыми басылымдар мен баяндамалар түрінде ұсыну қабілеті; мемлекеттік мекемелерде, халықаралық ұйымдарда, ғылыми-зерттеу институттарында, білім беру мекемелерінде және бизнес құрылымдарда кәсіби қызметке дайындық, аймақтанумен байланысты түрлі салаларда табысты мансапқа қажетті білім мен дағдыларға ие болу.
Кәсіби қызмет салалары:
«Аймақтану» білім беру бағдарламасының бакалавры мемлекеттік мекемелерді, халықаралық ұйымдарды, ғылыми-зерттеу институттарын, білім беру мекемелерін және бизнес құрылымдарды қоса алғанда, кәсіби қызметтің әртүрлі салаларында жұмыс істеуге дайын. Олар өз білімдері мен дағдыларын қолдана алатын нақты мемлекеттік органдарға Сыртқы істер министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі және т.б. кіреді.
6В03105 Аймақтану білім беру бағдарламасы
Элективті пәндер каталогы
Білім беру бағдарламасының даму жоспары
«6В021200 - Түркітану»
Білім беру бағдарламасының мақсаты
«6B02212 – Түркология» білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық білім бакалавры. Түркі халықтарының тарихы, тілі, әдебиеті, этномәдениеті саласында интегративті білімі бар, түркі жазба ескерткіштерін талдау дағдыларын меңгерген және алған білімі мен дағдыларын кәсіби қызметте қолдана алатын гуманитарлық ғылымдар саласындағы түркологты даярлау.
Оқытудың негізгі нәтижелері
Тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияға кіру. Ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша цифрлық технологияны, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін пайдалану және тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдану. Философиялық білімді дүниетанымдық ұстанымды қалыптастыру үшін қолдану, азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін қоғамның тарихи дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын талдау. Дене шынықтыру әдістері мен құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық санаға ие болу.
Түлектердің кәсіби бейіні:
"Түркітану" білім беру бағдарламасының түлегі – бакалавры жұмысқа-оқытушы, сарапшы-түркітанушы, халықаралық байланыстар жөніндегі сарапшы, түркі БАҚ-тарында редактор болып дайындалды.
6B02212 - Түркітану» білім беру бағдарламасы» (бакалавриат) 2023
«6B02212 - Түркітану» элективті пәндер каталогы (бакалавриат) 2023
«6В02312-Шетел филологиясы: түрік тілі»
Білім беру бағдарламасының мақсаты
«6В02312-Шетел филологиясы: түрік тілі» білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық білім бакалавры. Түрік тілі мен әдебиетін (мәдениетін) меңгерген, білім беру және аударма қызметін жүзеге асыра алатын, өз білімін нақты практикалық міндеттерді шешу үшін қолдана алатын бакалаврды дайындау.
Оқытудың негізгі нәтижелері
Тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияға кіру. Ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша цифрлық технологияны, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін пайдалану және тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдану.
Түлектердің кәсіби бейіні:
"Шетел филологиясы: түрік тілі" білім беру бағдарламасының түлегі-бакалавры лицей – интернаттары (ҚТЛ), аударма орталықтары, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер, туристік фирмалар
6B02312 - Шетел филологиясы: түрік тілі» білім беру бағдарламасы (бакалавриат) 2023
«6B02312 - Шетел филологиясы: түрік тілі» элективті пәндер каталогы (бакалавриат) 2023
Білім беру бағдарламасы cаяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-зерттеулік ұйымдар, мемлекеттік органдар үшін саясаттанушыларды дайындауға арналған.
Саяси үдерістер мен саяси құбылыстардың ортақ белгілері мен спецификасын айқындау мақсатында талдау жүргізе алатын, саяси ұйымдастырудың ең тиімді формасы мен міндеттерді шешудің оңтайлы жолдарын табатын, саяси және сайлау кампанияларын ұйымдастыратын, саяси ұйымдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын жасау білетін білікті және жауапты қызметкерді дайындау. Саяси кеңесші, Саяси сарапшы, Саяси аналитик, Мемлекеттік қызметкер; Саяси технолог, Имиджмейкер, Спичрайтер.
6B03106 – "Саясаттану" білім беру бағдарламасы бойынша түлек моделі
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыс істеу дағдылары бар, халықаралық қатынастар саласындағы заманауи зерттеу әдістерін пайдаланатың, жаһандық үдерістерді талдай және кешенді зерттеу жасай отырып, мамандық бойынша пәндерді оқыту әдістемесін білетін квалификациялы магистрлерді дайындау.
Білім берудің негізгі нәтижелері
“Халықаралық қатынастар” магистірлік білім беру бағдарламасының түлектері төмендегідей құзыреттіліктерді игереді: халықаралық қатынастар және пәнаралық салалармен байланысты білімдерін көрсету, сұрақтар мен мәселелерді талқылауда сыни көзқарасты қалыптастыру; өзекті зерттеу міндеттерін анықтай білу және оны шешудің қажетті әдістемесін ұсыну, зерттеу бағдарламасын жасау, өз бетінше зерттеудің тұжырымдамасын көрсету, осы тұжырымдаманы жазбаша және ауызша түрде сауатты жеткізе білу; білім алушылармен жұмыс жасай алу, оқытылатын пән шеңберінде оқу-танымдық жұмысты тиімді ұйымдастыра білу; кәсіби жұмыс барысында қазақ, орыс және шет тілдерін еркін қолдана білу.
Түлектердің кәсіби бейіні:
Халықаралық қатынастар саласындағы магистрдің кәсіби қызмет нысандарына жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, әр түрлі министрлік пен мекемелердің халықаралық байланыс бөлімдері, аймақтық мәселелерді зерттеумен айналысатын ұйымдар, халықаралық институттар мен ұйымдар, сараптамалық орталықтар жатады.
Толығырақ
Білім беру бағдарламасы-2025. 2 жылдық
Пәндер каталогы-2025. 2 жылдық
Білім беру бағдарламасы-2025. 1 жылдық
Пәндер каталогы-2025. 1 жылдық
Білім беру бағдарламасының мақсаты
"Шығыстану" мамандығы бойынша жоғары білікті, кәсіби денгейге терен дайындықтағы маман - магистрларды отандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болып, ғылыми - зерттеу қызметімен білім үдерісіндегі интеграциялануды жетік менгерту болып табылады.
Білім берудің негізгі нәтижелері
Шығыстанушы - магистр бағдарламаны толық игергеннен кейін алған білімін ерекше даму және басымды идеяларды ғылыми-зерртеу контекстінде пайдалануды, ақпараттың және кеңес беру жұмыстарында сараптауда, жоғары оқу орындарында кәсіби пәндерді оқытуда шетел тілін терен және еркін менгере біліуі керек.
Түлектердің кәсіби бейіні:
7М02209 - шығыстану мамандығы бойынша магистрі келесідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
Ғылыми және педагогикалық даярлық бойынша:
- ғылыми зерттеу ( Шығыстың рухани, әдеби және тарихи-мәдени мұраларын зерттеу қызметі, қоғамдық-саяси және экономикалық-әлеуметтік саладағы Шығыс елдерінің қазіргі жағдайы);
- педагогикалық ( ориенталистика бойынша кешенді пәндерді оқыту; қызметте ғылым мен білім саласы технологиясының ең жаңа жетістіктерін қолдана білу; магистранттарға патриоттық және интернационалдық тәрбие беру).
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ 2023-2024 «7М02209 – Шығыстану»
Кәсіби қызметінің объектісі: Болашақ түлектер төмендегі бағыттар бойынша кәсіби қызметтерді жүзеге асыра алады, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары, Ұлттық қорлар, қалалық және облыстық әкімдіктер, қазақстандық және шетелдік жетекші ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындар, жетекші шетелдік университеттердің Қазақстандағы филиалдары, БҰҰ жүйесіндегі шетелдік жоғары оқу орындары мен халықаралық ұйымдар.
Кәсіби қызмет функциялары мен түрлері:
-Зерттеулер: әдістердің, әдістемелердің және зерттеу әдістерінің сәйкес әдістерін таңдау; жиналған ақпаратты талдау және нәтижелерді интерпретациялау; аймақтық дамудың теориялық және қолданбалы мәселелерін зерттеу саласындағы ғылымизерттеу жұмыстары;
- консалтинг және сарапшы: қазіргі әлемнің жаһандық және аймақтық процестеріне қатысты білікті кеңестер; өңірлердің әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуының әр түрлі аспектілері бойынша сараптамалық бағалау; Қазақстанның, сондайақ мамандандырылған елдердің мүдделері мен ұстанымдарын анықтау және негіздеу;
-аналитикалық: заманауи технологияларды пайдалана отырып, мамандандырылған өңір елдеріне ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыс жүргізу; аймақтық үдерістерді талдау үшін аналитикалық жұмыста заманауи технологияларды пайдалану; өңірлік және әлемдік саясат, сыртқы саясат және мамандандырылған аймақтағы ішкі саяси ахуал шеңберінде ағымдағы үрдістер мен үдерістерді талдау;
-арнайы аймақтың тілі, оның ішінде орыс және шет тілдеріндегі дереккөздерді қолдана отырып, жекелеген елдер мен аймақтарға, ұйымдарға, актерлерге арналған аналитикалық құжаттарды дайындау.
-жаһандық және аймақтық халықаралық үрдістердің ғылымизерттеу жұмыстары, жоғары оқу орындарындағы педагогикалық қызметті, мемлекеттік органдардағы және үкіметтік емес ұйымдардағы аналитикалық жұмыстарды зерттеу саласындағы жұмыстар
«7М02212-Түркітану»
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Негізгі жалпы ғылыми және түркологиялық әдістемелерді меңгерген, ғылыми, білім беру, әлеуметтік-мәдени қызметті жүзеге асыруға қабілетті магистр-түркологты даярлау.
Оқытудың негізгі нәтижелері
7М02212-Түркология магистрлік білім беру бағдарламасының түлектері: түркі халықтарының тілі, әдебиеті, тарихы, этномәдениеті саласында интегративті білімі бар кәсіби түркологтарды дайындау; әртүрлі графикалық жүйелерде жазылған түркі жазба ескерткіштерін талдау дағдыларын үйрету; алған білімдерін нақты мәселелерді шешу үшін қолдана білу.
Түлектердің кәсіби бейіні:
"Түркология" магистрлік білім беру бағдарламасының түлегі жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда, сыртқы істер министрлігінде, министрліктердің халықаралық ынтымақтастық бөлімдерінде, өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ұйымдарда, халықаралық институттар мен ұйымдарда жұмыс істеуге дайындалған.
«7M02212 - Түркітану» Бірлескен білім беру бағдарламасы 2023
«7M02212 - Түркітану» элективті пәндер каталогы (магистратура) 2023
«7М02304-Филология: түркі тілдері»
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Қазіргі нарықтық жағдайда инновациялық және қолданбалы міндеттерді шешуге қабілетті лингвистикалық түркология, түркі әдебиеті және этномәдениет саласындағы магистрлерді даярлау
Оқытудың негізгі нәтижелері
7М02304 - Филология: түркі тілдері магистрлік білім беру бағдарламасының түлектері: Салыстырмалы-тарихи және қазіргі заманғы аспектілерде түркі тілдері, әдебиет және этномәдениет саласындағы кәсіби интегративті біліммен қамтамасыз ету, алған білімдерін өз бетінше жетілдіруге және тереңдетуге дағдыландыру, нақты міндеттерді шешу үшін білім мен дағдыларды қолдана білу.
Түлектердің кәсіби бейіні:
"Филология: түркі тілдері" магистрлік білім беру бағдарламасының түлегі ғылыми-зерттеу орталықтарында, жоғары оқу орындарында, түркітілдес елдердің халықаралық ұйымдары мен кәсіпорындарында, білім беру мекемелерінде, аударма және тіл орталықтарында жұмыс істеуге дайындалған
«7M02304 - Филология: түркі тілдері» білім беру бағдарламасы (магистратура) 2023
«7M02304 - Филология: түркі тілдері» элективті пәндер каталогы (магистратура) 2023
Түлектердің кәсіби қызметінің саласы: сараптамалық-аналитикалық сала, мемлекеттік қызмет, білім беру жүйесі және ғылыми-зерттеу саласы.
Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: облыстық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі мемлекеттік билік және басқару органдары; Ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-зерттеу орталықтары, қорлар; саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар; БАҚ, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар; жоғары оқу орындары
лауазымдарда: сыртқы және ішкі саясат жөніндегі сарапшы, мемлекеттік органдар мен әкімшілік қызметкер, өз құзыреті шегінде шешімдер әзірлеп, қабылдайтын саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың аппараты; сарапшы, стратегияны әзірлеуші, зерттеуші, қоғамдық-саяси жобалардың жетекшісі, саяси шолушы, саяси кеңесші; орта, орта және жоғары оқу орындарының оқытушысы.
7М03106 – "Саясаттану" білім беру бағдарламасы бойынша түлек моделі
Этносаясаттану мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі келесі лауазымдарда жұмыс істей алады:
- ғылыми қызметкер; сарапшы; Аналитик; мемлекеттік қызметші; баяндамашы; әлеуметтік және саяси пәндер оқытушысы.
Этносаясаттану мамандығы бойынша магистрлер кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:
- зерттеу (ғылыми ұйымдар, орталықтар);
- ұйымдастырушылық және басқарушылық;
- сарапшы және кеңес беру;
- білім беру (педагогикалық).
7М03109 – "Этносаясаттану" білім беру бағдарламасы бойынша магистратура моделі
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Білім беру бағдарлмасы iргелi әдiстемелiк және зерттеушiлік дайындығы бар және Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдықтары анықтауға негіз болатын мемлекетаралық қатынастар, халықаралық қауiпсiздiк және мемлекеттің сыртқы саясаты мәселелерi бойынша дербес зерттеулер өткiзуге қабiлеттi болатын ғылыми - педагогикалық кадрлардағы қажеттiктi қамтамасыз ету мақсатымен жасалған.
Білім берудің негізгі нәтижелері
Шет тілінде ғылыми-зерттеу терминдерін қолдана білу және халықаралық қатынастар саласындағы зерттеу жұмысын таныстара білу; Халықаралық қатынастар және пәнаралық салалардың мәселелері бойынша мәселелерді зерттеуде жүйелі түсінік көрсете білу; Өзекті зерттеу міндеттерін өз бетінше қоя білу және оларды шешудің әдістемелік жолын ұсыну, ғылыми зерттеудің бағдарламасын жасау, жүзеге асыру және үйлестіру, өз бетінше зерттеудің тұжырымдамасын шығару және оларды жазбаша және ауызша түрде сауатты жеткізу. Ғылыми-зерттеу тобының құрамында жұмыс істей бәлу және халықаралық қатынастар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасай білу; Халықаралық қатынастар мәселелерін зерттеудегі жаңа көзқарастарға, жаңа теорияларға негізделген идеяларға сыни талдай; бағалай және синтездей білу; Халықаралық қатынастар ғылымының дамуына айрықша зерттеулер арқылы үлес қосу және олардың нәтижелерін ұлттық және халықаралық басылымдарда жариялау.
Толығырақ
Кәсіби қызмет объектісі: ҚР Миністрліктері мен хабарламалары, ұлттық қорлар, қалалық және облыстық әкімшіліктер, алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік ғылыми-зерттеу институттары, доғарғы оқу орындары, шетел оқу орындарының қазақстандық филиалдары, БҰҰ жүйесіндегі халықаралық ұйымдар мен шетел оқу орындары, халықаралық аймақтық және үкіметтік емес ұйымдар, аналитикалық орталықтар, ғылыми-зерттеу мекемелерінде аналитикалық бөлімдер, инновациялық қорларда аналитикалық бөлімдер, ғылыми-мәдени орталықтарда аналитикалық бөлімдер.
Кәсіби қызмет түрлері: Жаһандық және халықаралық үрдістерді зерттеу аймағында зерттеу жұмысы, жоғарғы оқу орындарында педагогикалық қызмет, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарда аналитикалық жұмыс.
8D02212-Түркітану
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Білім беру бағдарламасы гуманитарлық ғылымдар саласында интегративті білімі бар, ғылыми зерттеудің жалпы ғылыми және кәсіби әдіснамасын меңгерген, нақты эмпирикалық міндеттерді шешуге қабілетті түрколог-ғалымды даярлауға бағытталған
Оқытудың негізгі нәтижелері
8D02212-Түркітану білім беру бағдарламасының түлектері: зияткерлік және білім беру қызметінде талап етілетін интегративті кәсіби білімді, түркі тілдері мен әдебиеті саласындағы терең білімді олардың сабақтастық байланысында және салыстырмалы-салғастырмалы аспектіде меңгеріп, білімді практикалық қызметте пайдалана алатын болады.
8D02212 - Түркітану» білім беру бағдарламасы (докторантура) 2023
«8D02212 - Түркітану» элективті пәндер каталогы (докторантура) 2023
Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: «Саясаттану» мамандығы бойынша докторантураны аяқтаған түлектер кәсіби қызметін келесі бағыттар бойынша жүргізе алады:
- саяси сараптамашы, зерттеуші, оқытушы, эксперт – саяси шешімдерді қабылдауға қажетті білімді басқара алатын маман, қоғамды-саяси ақпаратты талдап, ғылыми және оқытушылық қызметті жүргізе алатын маман;
- саяси лидер – кафедра түлектері қоғамдық ұйымдар мен партиялардың белсенділері, саяси лидерлер ретінде қолданбалы қызмет жасай алатын білімді игеріп шығады;
- сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар маманы – түлектер үкіметаралық және үкімет аралық емес халықаралық ұйымдарда талап етілетін білім мен қабілеттерге ие болып шығады;
- кеңесші, саяси консультант – саясаттанушы шешім қабылдайтын (депутаттар, атқарушы билік органдарының басшылары) тұлғалардың көмекшісі болып қызмет атқара алады;
- имиджмейкер, қоғаммен байланыс саласының маманы – саясаттанушы саясат саласында немесе қоғам өмірінің басқа да салаларында үлкен аудиториямен жұмыс жасай алып, маркетингтік зерттеу мен бағдарламалардың негізінде кәсіби коммуникацияны ұйымдастыра алады;
- конфликтолог – саясаттанушы-түлектер гуманитарлық білім мен кәсіби саяси сараптаманы, қоғамдық ойдың өзгеру динамикасын түсіну сиақты қабілеттерді біріктіре алады, сондықтан да медиаторлық нарықта әрдайым талапты болады;
- саяси технолог – сайлау алды кампанияларын ұйымдастыру кезінде саясаттанушының барлық қасиеттері қажет болады, олар: лидерлік, эксперттік-сарапшылық, коммуникативті, ұйымдастырушы.
8D03106-Саясаттану білім беру бағдарламасы бойынша түлек моделі
