МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА
Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ұлтаралық қатынастар мен этносаяси зерттеулер саласында жоғары білікті мамандар даярлау үшін қажетті барлық материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. Оқу үдерісі Сәтбаев көшесі, 2 мекенжайында орналасқан №1 оқу ғимаратында жүзеге асырылады.
Бұл – жарық аудиториялары, компьютерлік сыныптары, атриумдары және жоғары жылдамдықты Wi-Fi желісіне қолжетімділігі бар заманауи оқу ғимараты.
Ғимаратта ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін қолайлы жағдайлар жасалған: кіреберісте пандус орнатылған, оқу ғимаратының барлық қабаттарына қатынауға мүмкіндік беретін лифт жұмыс істейді.
Кафедра студенттері 1,5 миллионнан астам оқу және ғылыми әдебиеттер қоры бар университет кітапханасын, сондай-ақ электрондық ресурстарды пайдалана алады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының білім алушылары заманауи мультимедиялық құралдармен (компьютерлер, проекторлар, дыбыстық жүйелер) жабдықталған компьютерлік сыныптар мен мамандандырылған аудиторияларда білім алады. Сонымен қатар кафедрада мамандық бейіні бойынша өзіне тиесілі ғылыми және оқу-әдістемелік кітапхана қоры қалыптастырылған.

