
Жетістіктер
Кафедраның оқытушылары шет тілдерін меңгеру деңгейіне ие, олардың кейбіреулері бірнеше тілде сөйлейді. Білім беру мазмұнын жетілдіру үшін оқытушылардың ғылыми біліктілігінің артуына көп көңіл бөлінеді.
Жыл сайын кафедра оқытушылары АҚШ, Италия, Франция, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Ресей, Түркия профессорлары ұйымдастырған халықаралық конференцияларға, әдістемелік семинарларға, біліктілікті арттыру курстарына қатысады.
Ф.ғ.к., доцент м.а. Бейсембаева С.Т. 2013 жылы Берлиндегі Гёте-Институтының стипендиаты атанды және Blended Learning режимінде шет тілдері мен елтану бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.
2013-14 жылдары кафедра оқытушылары Қадықызы А., Хасенова А.Т. және Г.Карбаева «Болашақ» Президенттік стипендиясының иегері атанып, Монтре қаласында (Швейцария) білім беруді басқарудың халықаралық курсынан өтті.
2015 жылы халықаралық қатынастар факультетінің шетел тілдері кафедрасының құрамы: Кадрина Б.Ш., Хасенова Р.Т. және Милованова Н.В. астанадағы жоғары оқу орындарындағы ағылшын тілі оқытушыларына арналған BEST PRACTICES WITH ENGLISH FILE, 3rd edition кәсіби шеберлік байқауында бірінші орынды жеңіп алды, оны Қазақстан мен Қырғызстандағы Oxford University Press-тің ресми өкілі «InterPress Distribution» ЖШС ұйымдастырды.
2017 жылдың мамырында 2016/2017 оқу жылының қорытындысы бойынша ХҚФ шет тілдері кафедрасы «Жылдың үздік білім беру кафедрасы» деп танылды.
2019-2020 оқу жылында барлық кафедраның профессор-оқытушылар құрамы халықаралық деңгейде біліктілікті арттыру курстарынан өтті, оның ішінде 7 оқытушы 2020 жылдың 6 сәуірінен 19 сәуіріне дейін өткен Erasmus жобасы аясында ұйымдастырылған «Innovative Educational Technologies and Didactic Models» атты халықаралық біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Шетелдік біліктілікті арттыру курстарын өтті:
- Бейсембаева С.Т. - доцент м.а. Австрия Білім және ғылым министрлігі (the Federal Ministry of Education, Science and Research) 2019 жылдың 8 шілдесі мен 05 тамызы аралығында Вена қ. ұйымдастырған «Ерекше Австрия: тіл және мәдениет» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсынан өтті. Кредиттер: 2ECTS
- Смолина Л.И. – аға оқыт, Франция Үкіметінің грант иегері. Francophonia лингвистикалық орталығында біліктілігін арттыру мақсатында 2019 жылғы 14-22 желтоқсан аралығында Францияға сапар.
- Ергалиева К.О. – аға оқыт, Франция Үкіметінің грант иегері. Francophonia лингвистикалық орталығында біліктілігін арттыру мақсатында 2019 жылғы 14-22 желтоқсан аралығында Францияға сапар.
2019 ж. желтоқсан айында Ел тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Гумилев» медалімен Смолина Людмила Игоревна марапатталды. Сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен Ерғалиева Күнсұлу Онғарқызы марапатталды.
2020 ж. 23 мамырында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ құрылғанына 24 жыл толуына байланысты жоғары білікті мамандарды дайындауға қосқан үлесі үшін және факультет пен университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін грамотамен кафедра ПОҚ марапатталды: Калиева А.Б., Мейрамбекова Л.К., Ергалиева К.О., Қадысқызы А., Салиева Д.О.
2020 жылы Смолина Л.И. және Ерғалиева Қ.О. Францияның Өзбекстандағы елшілігі мен Нұр-Сұлтандағы Француз альянсы ұйымдастырған француз тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі бойынша курстардан өтті.
2021 жылы Мейрамбекова Л.Қ., Мүтали А.Қ., Есенғалиева А.М. және Ерғалиева Қ.О. «Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді бағалау бойынша сарапшыларды оқыту» халықаралық онлайн біліктілікті арттыру курстарын аяқтады (Каподистриас атындағы Афина Ұлттық университеті, Греция).
Мейрамбекова Л.Қ., Мүтали А.Қ., Есенғалиева А.М., Қалиева А.Б., Құлахметова Ж.Т. француз университеттері мен Еуразиялық технологиялар және коммуникациялар академиясы ұйымдастырған «Еуропа елдеріндегі гуманитарлық ғылымдар саласындағы жоғары білім: заманауи цифрлық технологияларды пайдалану» тақырыбындағы онлайн курстарын аяқтады.
Құдабаева А.Ж. PeaceX халықаралық үкіметтік емес ұйымы ұйымдастырған Bookpecker жобасы аясында онлайн-тағылымдамадан өтті.
2022 жылы кафедра меңгерушісі Мейрамбекова Л.К. «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша «Ағылшын тілі (оқыту)» мамандығы бойынша АҚШ-та оқу үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Жоспарланған оқу мерзімі: 06.01.2022-12.01.2022.
