
Ғылыми жұмыс
Көп көңіл профессорлар және оқытушылар құрамының біліктілігіне мен ғылыми оқытуға бөлінеді. Шет тілдері кафедрасының мұғалімдері Қазақстанда және шет елдерде де кәсіби деңгейлерін арттыру мақсатымен академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсенді қатысады.
Кафедрада лингво-елтану, тіл білімі және шетел тілдерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерінің теориялық және практикалық аспектілерін талқылауға арналған тұрақты ғылыми семинар жұмыс істейді.
Жыл сайын шетел тілдері кафедрасы «Ғылым және білім» халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында «Көптілдік қоғамдағы шетел тілдері» қосымша секциясын өткізеді.
2010 жылдан бастап халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері мен шетел тілін оқыту әдістері бойынша шетелдік лекторлардың қатысуымен жазғы мектепті ұйымдастырды.
Сонымен қатар, жыл сайын кафедра тілдік емес мамандықтардың студенттеріне арналған шет тілдері (ағылшын, неміс, француз, испан, итальян) бойынша халықаралық олимпиаданың бастамашысы болып табылады. Соңғы екі жылдан бері олимпиада онлайн түрде өткізіліп келеді.
2016-17 ж. кафедра оқытушылары 2 оқу-әдістемелік құрал шығарды: Милованова Н.В., Калиева А.Б. «Халықаралық келісімдерде ағылшын тілі»; Құлахметова Ж.Т., Хасенова Р.Т., Қадысқызы А. «Кәсіби бағыттағы шет тілі (ағылшын тілі) және 1 монография: Қадысқызы А. "Студенттерді мәдениетаралық диалогтық қарым-қатынасқа үйрету".
2019-2020 оқу жылында барлық кафедраның профессор-оқытушылар құрамы халықаралық деңгейде біліктілікті арттыру курстарынан өтті, оның ішінде 7 оқытушы 2020 жылдың 6 сәуірінен 19 сәуіріне дейін өткен Erasmus жобасы аясында ұйымдастырылған «Innovative Educational Technologies and Didactic Models» атты халықаралық біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Осы оқу жылында кафедра оқытушылары 2 монография (Мейрамбекова Л.К., Қадысқызы А.), 1 оқу-әдістемелік құралын (Смолина Л.И.), 5 МООС ЦОР (Смолина Л.И., Есентемирова А.М., Мейрамбекова Л.К., Шынгысбаев Р.А., Милованова Н.В.), Scopus мен Web of Science базасына енген импакт-факторлы журналдарда 3 мақала (Мейрамбекова Л.К., Кусаинова Р.Е.) жариялады, сонымен қатар РҒЦИ базасына және ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдар тізіміне енген журналдарда және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында жарияланымдар жарық көрді.
2021 жылы – Scopus және Web of Science журналдарында 2 жарияланым (Мейрамбекова Л.Қ., Мутали А.Қ., Купаева А.Қ.) шықты.
2022 жылы А.Б. Қалиеваның «Ұлыбританиядағы жеке мектептің білім беру жүйесінің дамуы (тарихи-педагогикалық аспект)» монографиясы жариялануда.
2024 оқу жылына арналған шетел тілдері кафедрасының ғылыми-зерттеу жоспары
ХҚФ шет тілдері кафедрасының 2023 жылғы ҒЗЖ есебі
ХҚФ шет тілдері кафедрасының 2022 жылғы ҒЗЖ есебі
