
Білім беру бағдарламалары

БАКАЛАВРИАТ
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Халықаралық қатынастар саласында фундаментальді білімді игерген және оны өз сапасында қолдана алатын, халықаралық қатынастардың кешенді мәселелеріне талдау жасай білетін бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Бағдарлама халықаралық қатынастардың негізгі үш бағытын: дипломатия, сыртқы саясат, халықаралық-экономика және халықаралық жүйені халықаралық құқықтық реттеуді қамтиді.
Білім берудің негізгі нәтижелері
“Халықаралық қатынастар” бакалавриат деңгейіндегі білім беру бағдарламасының түлектері төмендегідей құзыреттіліктерді игереді: халықаралық қатынастар маманының қызмет ету аясы мен объектісін көре білу; теориялық білімдерін және практикалық дағдыларын халықаралық қатынастарды талдау үшін қолдана білу; әр түрлі ақпаратты іздеу, түсіну және сараптау дағдыларына ие болу және логикалық тұрғыда тұжырымдама жасай білу; қазіргі халықаралық жүйе мен әлемдік үдерістерді түсіне және түсіндіре білу. Халықаралық мәселелерді жаһандық, аймақтық, елдік деңгейде талдай білу; тарих, геосаясат, өркениеттік даму саласындағы білімге сүйене отырып, халықаралық үдерістердің, соның ішінде Орталық Азия аймағындағы халықаралық үдерістердің себеп-салдарлық негізін түсіну, айқындау және түсіндіре білу; ҚР сыртқы саяси қызметінің әр түрлі аспектілерін түсіндіре білу.
Түлектердің кәсіби бейіні:
«Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының түлегі ҚР Сыртқы істер министрлігінде, ҚР әртүрлі мемлекеттік басқару органдарында, ҚР сыртқы саяси қатынастар аясында, халықаралық ұйымдарда, трансұлттық корпорацияларда: референт, сарапшы лауазымында, халықаралық қатынастар саласында консультант, сыртқы саяси шолушы, сәйкес шет тілі бойынша аудармашы болып жұмыс істеу үшін даярланған. Сонымен қатар, ҚР ғылым және білім беру мекемелерінде, арнайы жоғары білімді типтік номенклатуралық қызметтердегі мамандарды ауыстыра алатын қызметкер ретінде даярланған.
МАГИСТРАТУРА
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыс істеу дағдылары бар, халықаралық қатынастар саласындағы заманауи зерттеу әдістерін пайдаланатың, жаһандық үдерістерді талдай және кешенді зерттеу жасай отырып, мамандық бойынша пәндерді оқыту әдістемесін білетін квалификациялы магистрлерді дайындау.
Білім берудің негізгі нәтижелері
“Халықаралық қатынастар” магистірлік білім беру бағдарламасының түлектері төмендегідей құзыреттіліктерді игереді: халықаралық қатынастар және пәнаралық салалармен байланысты білімдерін көрсету, сұрақтар мен мәселелерді талқылауда сыни көзқарасты қалыптастыру; өзекті зерттеу міндеттерін анықтай білу және оны шешудің қажетті әдістемесін ұсыну, зерттеу бағдарламасын жасау, өз бетінше зерттеудің тұжырымдамасын көрсету, осы тұжырымдаманы жазбаша және ауызша түрде сауатты жеткізе білу; білім алушылармен жұмыс жасай алу, оқытылатын пән шеңберінде оқу-танымдық жұмысты тиімді ұйымдастыра білу; кәсіби жұмыс барысында қазақ, орыс және шет тілдерін еркін қолдана білу.
Түлектердің кәсіби бейіні:
Халықаралық қатынастар саласындағы магистрдің кәсіби қызмет нысандарына жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, әр түрлі министрлік пен мекемелердің халықаралық байланыс бөлімдері, аймақтық мәселелерді зерттеумен айналысатын ұйымдар, халықаралық институттар мен ұйымдар, сараптамалық орталықтар жатады.
Білім беру бағдарламасы-2025. 2 жылдық
Пәндер каталогы-2025. 2 жылдық
Білім беру бағдарламасы-2025. 1 жылдық
Пәндер каталогы-2025. 1 жылдық
Білім беру бағдарламасы-2024. 2 жылдықПәндер каталогы-2024. 2 жылдық
Білім беру бағдарламасы-2024. 1 жылдық
Пәндер каталогы-2024. 1 жылдық
Білім беру бағдарламасы-2023. 2 жылдықПәндер каталогы-2023. 2 жылдық
Білім беру бағдарламасы-2023. 1 жылдық
Пәндер каталогы-2023. 1 жылдық
Білім беру бағдарламасы-2022. 2 жылдық
Пәндер каталогы-2022. 2 жылдық
Білім беру бағдарламасы-2021. 2 жылдық
Пәндер каталогы-2021. 2 жылдық
Білім беру бағдарламасы-2021. 1 жылдық
Пәндер каталогы-2021. 1 жылдық
Білім беру бағдарламасы-2020. 2 жылдық
Таңдау пәндері каталогы-2020. 2 жылдық
Білім беру бағдарламасы-2020. 1 жылдық
Таңдау пәндері каталогы-2020. 1 жылдық
Сараптамалық қорытынды-2024. 2 жылдық
Сараптамалық қорытынды-2024. 1 жылдық
Сараптамалық қорытынды-2023. 2 жылдық
Сараптамалық қорытынды-2023. 1 жылдық
Сараптамалық қорытынды-2020. 2 жылдық
Сараптамалық қорытынды-2020. 1 жылдық

ДОКТОРАНТУРА
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Білім беру бағдарлмасы iргелi әдiстемелiк және зерттеушiлік дайындығы бар және Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдықтары анықтауға негіз болатын мемлекетаралық қатынастар, халықаралық қауiпсiздiк және мемлекеттің сыртқы саясаты мәселелерi бойынша дербес зерттеулер өткiзуге қабiлеттi болатын ғылыми - педагогикалық кадрлардағы қажеттiктi қамтамасыз ету мақсатымен жасалған.
Білім берудің негізгі нәтижелері
Шет тілінде ғылыми-зерттеу терминдерін қолдана білу және халықаралық қатынастар саласындағы зерттеу жұмысын таныстара білу; Халықаралық қатынастар және пәнаралық салалардың мәселелері бойынша мәселелерді зерттеуде жүйелі түсінік көрсете білу; Өзекті зерттеу міндеттерін өз бетінше қоя білу және оларды шешудің әдістемелік жолын ұсыну, ғылыми зерттеудің бағдарламасын жасау, жүзеге асыру және үйлестіру, өз бетінше зерттеудің тұжырымдамасын шығару және оларды жазбаша және ауызша түрде сауатты жеткізу. Ғылыми-зерттеу тобының құрамында жұмыс істей бәлу және халықаралық қатынастар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасай білу; Халықаралық қатынастар мәселелерін зерттеудегі жаңа көзқарастарға, жаңа теорияларға негізделген идеяларға сыни талдай; бағалай және синтездей білу; Халықаралық қатынастар ғылымының дамуына айрықша зерттеулер арқылы үлес қосу және олардың нәтижелерін ұлттық және халықаралық басылымдарда жариялау.
Білім беру бағдарламасы-2025. Халықаралық қатынастар
Пәндер каталогы-2025. Халықаралық қатынастар
Білім беру бағдарламасы-2024. Халықаралық қатынастарПәндер каталогы-2024. Халықаралық қатынастар
Білім беру бағдарламасы-2024. Этносаясаттағы дипломатия мен менеджмент
Пәндер каталогы-2024. Этносаясаттағы дипломатия мен менеджмент
Білім беру бағдарламасы-2023
