
Халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық қатынастар кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы келесі университеттермен және ғылыми орталықтармен тығыз академиялық байланыста: Ақпарат және саяси болжау орталығы (АҚШ), Варшава университеті (Польша), ЦЕУ (Венгрия, Будапешт), София Антинополис университеті (Ницца, Франция), ОАА зерттеу орталығы (Корвинус университеті, Венгрия), Брюссель еркін университеті (Бельгия) және т.б.
«Халықаралық қатынастар» БББ білім алушылары мен кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы шетелдік ғылыми және оқу орындары профессорлары мен зерттеушілерінің шеберлік сабақтарына қатысу және дәрістерін тыңдау мүмкіндігіне ие. Колумбия университетінің профессоры Хоуман Садри (2019 ж.) «Халықаралық қатынастар» БББ магистранттары мен докторанттарына дәріс оқумен қатар, халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары үшін шеберлік сабақтарын өткізді.
2022 жылдың желтоқсан айында Лондон университетінің SOAS саясат және халықаралық зерттеулер кафедрасының аға оқытушысы, саясаттану ғылымдарының PhD докторы Бавна Дэйв халықаралық қатынастар кафедрасының докторанттары және магистранттарымен офлайн кездесулер өткізді. Доктор Дэйв білім алушыларға магистрлік және докторлық диссертациялар жазуда зерттеу әдістемесін қалай қолдану бойынша кеңестер берді.
British Council InterLinks шағын гранттар бағдарламасы аясында кафедра докторанттары 2022 жылдың қазан-қараша айларында Лондон университетінің Шығыстану және Африкатану мектебінің (SOAS, University of London) келесі оқытушылары оқыған онлайн дәрістерді тыңдады:
- доктор Толга Синмаздемир – «Зерттеу әдістемесі, салыстырмалы әдіс, сандық әдістер»;
- профессор Фил Кларк – «Көпұлтты контексте этникалық қатынастарды зерттеу: Руанда және басқа елдердің әдістемелік, теориялық және салыстырмалы сабақтары»;
- профессор Рошана Байпай - «Үкіметтің этникалық әралуандыққа көзқарастарын зерттеу: дискурсты талдау».
Әрбір онлайн-дәріс пікірталасқа ұласып, білім алушылар өздерінің диссертацияларының әдістемесі туралы сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

2022 жылғы 3-4 қазанда Халықаралық қатынастар кафедрасының докторанттары Орталық Азияның Аймақтық Экологиялық Орталығы (ОАӨЭК) ұйымдастырған Nexus симуляциялық тренингіне қатысты. Оған ЕО және USAID су және қоршаған орта аймақтық жобасы өкілдері де қатысты.
2023 жылдың наурыз айында Цюрихтегі (Германия) Қауіпсіздікті зерттеу орталығының зерттеушісі Брайан Карлсон кафедра оқытушыларымен қазіргі жаһандық қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты.
2023 жылдың сәуір айында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттары мен магистранттары АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы В.Вильсон орталығы жанындағы Қытай экологиялық форумының директоры Дженнифер Тернердің әлемдік саясат мәселелеріне арналған дәрісін тыңдады.
Кафедра қонағы, профессор Д.Апцуари 2023 жылдың 23 қазанында халықаралық қатынастар факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен жас зерттеушілеріне «Әлемдік экономикадағы өзекті процестер» тақырыбында дәріс оқыды.
2023-2024 оқу жылында Төтенше және Өкілетті Елші, Пекин халықаралық бизнес және экономика университетінің (Қытай) профессоры Дэвид Апциаури халықаралық қатынастар кафедрасының шақырылған профессоры ретінде «Халықаралық қатынастар» БББ магистранттарына әлемдік экономика және жаһандану мәселелері бойынша дәріс оқып, докторанттарға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысты кеңестерін береді.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері халықаралық жобаларға белсенді қатысуда. Құрамына Медеубаева Ж.М., Жанбулатова Р.С., Кенжалина Г.Ж. кіретін жоба тобы 2018-2021 жылдары «Жан Моне кафедрасы. Еуропалық дипломатия» жобасын сәтті жүзеге асырған соң аталмыш жоба тобы сол құрамда 2023-2026 жылдарға арналған Еуропалық Комиссияның Эразмус+ жобасының «Jean Monnet Centre of Excellence EUROSOFT» (https://cloud.mail.ru/stock/iPduMUZogRUgTWr3LrC63vjf) аясындағы зерттеу грантын жеңіп алды. 2023 жылдың қараша айында жобаны жүзеге асыру жоспарына сәйкес халықаралық қатынастар факультетінде Жан Монне атындағы Педагогикалық шеберлік орталығы ашылды.
