
Ғылыми жұмыс
Xалықаралық қатынастар кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысының маңызды бағыттары
- Сыртқы саясаттың диверсификациясының құралы ретіндегі ашық дипломатия.
- Әлемдік тәртіптің трансформациясы кезеңіндегі Орталық Азиядағы қауіпсіздіктің сын-тегеуріндері.
- ҚР xалықаралық экономикалық қатынастары мәнмәтініндегі еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық өзара әрекеттестіктің мәселелері мен серпіні.
Аталған тақырыптар ҚР БҒИ ұсынған журналдар мен шетелдік журналдарда жарияланған мақалалары бар жеке зерттеулер мен гранттық жобалар шеңберінде кафедраның профессорлық-оқыту құрамы үшін негізгі тақырыптар болып табылады. Қазақстан Республикасы шетелді өз мүдделерін қорғап, белсенді сыртқы саясат жүргізуде. Дегенмен де сыртқы саясаттың бірқатар құралдарын пайдалану тұрғысынан әлемдік үздік тәжірибелерден артта қалудамыз. Ашық дипломатияны қолдану әлемдегі Қазақстанның ролін анықтаушы стратегиялық міндеттердің бірі.
Еуразиялық кеңістікте интеграциялық өзара әрекеттестік мәселелері мен серпіні, қазіргі жағдайы ҚР сыртқы саяси және сыртқы экономикалық даму өзектілігіне байланысты кафедраның профессорлық-оқыту құрамы үшін маңызды тақырыптардың біріне айналды.
Қазақстанның экономикалық,әлеуметтік, саяси потенциалы мемлекеттің еуразиялық кеңістікте экономикалық интеграция үдерісінде ролін арттыруды талап етеді. Әлемдік тәртіптік трансформация кезеңінде Орталық Азияда қауіпсіздіктің сын-тегеуріндері ақпараттық, ядролық, экологиялық, экономикалық және әскери-саяси қауіпсіздік аспектілері бойынша кафедраның профессорлық-оқыту құрамының зерттеулерін өзектілердіруде. Жалпы аталған мәселе бойынша кафедраның профессорлық – оқыту құрамының қомақты зерттеу бөлімі бар.
Халықаралық қатынастар кафедрасында xалықаралық қатынастардың өзекті мәселелері мен кафедра қызметінің маңызды бағыттары бойынша тұрақты түрде ғылыми семинарлар өткізіледі. 2017 жылы мынадай ғылыми семинарлар өткізілді: «Қазақ жастарының тәуелсіздік үшін күресі» (баяндаушы Альпеисов А.К.), «Халықаралық терроризммен күресте Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықмен өзара байланысы» (баяндаушы Какенова Г.М.).
Кафедраның оқытушылары ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми тақырыптар бойынша 2016-2017 жж. жұмыс істеуде. Негізінде т.ғ.д., профессор Есдаулетованың басшылығымен « Қазақстан Республикасының еуропалық академиялық қауымдастықпен сыртқы саясатының эксперттық бағалау жағдайының анализі» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының мәселелерін Еуропалық Одақтың академиялық қауымдастығының қабылдау призмасы бойынша, әсіресе Германия, Франция, Ұлыбритания ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Қазақстан мен ЕО арасындағы экономикалық, саяси және мәдени байланыстарды дамыту мақсатында жаһандық және айматық деңгейде болып жатқан xалықаралық үдерістердің мәнмәтінінде өзекті болып табылады. Тариx ғылымдарының докторы, профессор Какенова Г.М. Басшылығымен жүзеге асырылатын « Халықаралық терроризммен күресте Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықпен өзара әрекеттестігін зерттеу» жобасы Қазақстан Республикасының терроризм және діни экстремизммен күрес саласындағы серіктестігінің концептуалдық негіздерін сараптауға, аймақтық және xалықаралық деңгейде терроризмге қарсы күрес жүйесіндегі Қазақстанның ролін қалыптастыруға бағытталған.
