
Практика және еңбекпен қамту
ПРАКТИКА
Студенттердің практикасы оқытуды ұйымдастырудың маңызды және міндетті түрлерінің бірі болып табылады. Ол теориялық білімді бекіту мен тереңдетуге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге бағытталған және игерілген құзыреттілік деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
Кәсіби практиканың негізгі базалары келесі ұйымдар болып табылады: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппараты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппараты, «ҚазМұнайГаз» ҰК, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» Экономикалық зерттеулер институты, «Жастар іскерлік кеңесі» ММ Астана қаласы, «Ашық әлем» талдау және болжау орталығы, «Астана Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету департаменті» АҚ.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бөлімшелері де (халықаралық ынтымақтастық департаменті, халықаралық қатынастар кафедрасы) кәсіби тәжірибенің базасы болып табылады.
Білім алушылардың болашақта қандай мекемеде немесе компаниялар мен ұйымдарда жұмыс істегілері келетініне байланысты кәсіптік тәжірибе базаларын өз бетінше іздеу құқығы беріледі. Шет тілдерін практикада қолдану мүмкіндігі халықаралық қатынастар студенттері үшін үлкен маңызға ие. Студенттер тәжірибе орнын өз бетінше таңдаған кездегі ескерілетін маңызды жәйт тәжірибеден өтетін ұйымның қызметі «Халықаралық қатынастар» БББ сәйкес болу қажет.

Студенттердің кәсіби практикасының негізгі базалар мыналар болуы мүмкін:
- Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының департаменттері мен басқармалары, халықаралық ынтымақтастық департаменттері;
- халықаралық ұйымдардың өкілдіктері;
- ұлттық, мемлекеттік, жеке коммерциялық кәсіпорындардың, трансұлттық компаниялардың халықаралық бөлімшелері;
- шетелдік үкіметтік емес ұйымдардың өкілдіктері;
- ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары;
- шетелдік және отандық мәдени-ақпараттық орталықтар, кітапханалар мен мұрағаттар;
- Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің дипломатиялық және сауда өкілдіктері және т.б.
ТҮЛЕКТЕРДІҢ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТЫЛУЫ
Халықаралық қатынастар кафедрасы студенттерге болашақта табысты мансап құруда көшбасшылық және әлеуметтік маңызды дағдыларды алуға жан-жақты қолдау көрсетіп, студенттер мен түлектерге мансаптық жолды тиімді жоспарлау және кәсіби қызметін сәтті жүзеге асыру үшін жағдай жасайды.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің «6В03102 – Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы «Атамекен» ҰҚП рейтингісінде еліміздің 19 ЖОО арасында бірінші орынға ие болды. https://www.instagram.com/p/C3HePMTIDZG/?igsh=MTJlM2F5Z2RwYnd1ag==
Түлектердің жұмысқа орналасуына ықпал ету бойынша кафедраның негізгі қызметтері:
- cтуденттердің кәсіптік практикасын ұйымдастыруға қолдау көрсету, студенттерге қажетті кәсіби дағдыларды меңгеруге мүмкіндіктер жасау;
- студенттердің жұмысқа орналасуы және мансаптық өсуі үшін оған қажетті қасиеттер мен дағдыларды дамытуда ұйым өкілдерінің қатысуымен мастер-кластар, презентациялар, қонақ дәрістер мен семинарлар өткізу;
- университетте жұмыс беруші компаниялардың қатысуымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру, мансаптық күндер өткізу;
- студенттер мен түлектерді бос жұмыс орындарына орналастыру/бөлу;
- компаниялардың жоспарлаған іс-шаралары және жобалары туралы студенттерді ақпараттандыру;
- студенттерді әлеуетті жұмыс берушілердің жұмысының формаларымен, әдістерімен және ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында компания өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру;
- түйіндеме, сұхбат және т.б. жазу бойынша кеңестер.
Халықаралық қатынастар кафедрасының түлектерінің жұмысқа орналасу нәтижелерін және мансаптық өсуін талдау
|
Кафедра/БББ |
Түлектер (келісім + грант) |
Жұмысқа орналысқан (келісім + грант) |
% Жұмысқа орналысқан (келісім + грант) |
Түлектер (грант) |
Жұмысқа орналысқан (грант) |
% Жұмысқа орналысқан (грант) |
Мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан (грант) |
% Мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан (грант) |
|
2019-2020 |
||||||||
|
Халықаралық қатынастар |
71 |
67 |
94% |
27 |
27 |
100% |
24 |
89% |
|
Халықаралық қатынастар 5B020200 |
49 |
45 |
92% |
9 |
9 |
100% |
9 |
100% |
|
Халықаралық қатынастар 6D020200 |
5 |
5 |
100% |
5 |
5 |
100% |
5 |
100% |
|
Халықаралық қатынастар 6M020200 |
15 |
15 |
100% |
13 |
13 |
100% |
10 |
77% |
|
Халықаралық қатынастар M064 |
2 |
2 |
100% |
- |
- |
- |
- |
- |
|
2020-2021 |
||||||||
|
Халықаралық қатынастар |
118 |
107 |
91% |
45 |
45 |
100% |
31 |
69% |
|
Халықаралық қатынастар 5B020200 |
87 |
76 |
87% |
17 |
17 |
100% |
12 |
71% |
|
Халықаралық қатынастар 6D020200 |
2 |
2 |
100% |
2 |
2 |
100% |
2 |
100% |
|
Халықаралық қатынастар M064 |
29 |
29 |
100% |
26 |
26 |
100% |
17 |
65% |
|
2021-2022 |
||||||||
|
Халықаралық қатынастар |
71 |
67 |
94% |
27 |
27 |
100% |
24 |
89% |
|
Халықаралық қатынастар 5B020200 |
49 |
45 |
92% |
9 |
9 |
100% |
9 |
100% |
|
Халықаралық қатынастар 6D020200 |
5 |
5 |
100% |
5 |
5 |
100% |
5 |
100% |
|
Халықаралық қатынастар 6M020200 |
15 |
15 |
100% |
13 |
13 |
100% |
10 |
77% |
|
Халықаралық қатынастар M064 |
2 |
2 |
100% |
- |
- |
- |
- |
- |
|
2022-2023 |
||||||||
|
Халықаралық қатынастар |
154 |
114 |
70% |
92 |
85 |
78% |
85 |
78% |
|
6В03102 Халықаралық қатынастар |
110 |
75 |
68% |
50 |
46 |
92% |
46 |
92% |
|
7M03107 Халықаралық қатынастар |
40 |
37 |
93% |
40 |
37 |
93% |
37 |
93% |
|
8D03102 Халықаралық қатынастар |
4 |
2 |
50% |
2 |
2 |
50% |
2 |
50% |
Жалпы алғанда, халықаралық қатынастар кафедрасы сыртқы саясат саласы бойынша білімді әрі білікті, қажетті дағдылары қалыптасқан, шығармашылыққа ынталы және бәсекеге қабілетті мамандар дайындайды. Университет қабырғасында терең теориялық білім алып шыққан біздің түлектеріміз сыртқы саясат, халықаралық қатынастар саласы бойынша еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие.
«Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламалары түлектерінің көпшілігі еліміздің мемлекеттік және сыртқы саясатпен айналысатын жетекші мекемелерде жоғары лауазымдарда қызмет етеді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, министрліктер мен ведомстволарда, Мәжіліс пен Сенатта, еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен түрлі зерттеу институттарында, жергілікті атқарушы органдарда (әкімдіктер), сондай-ақ халықаралық ұйымдарда жұмыс істейді. Сонымен қатар, біздің түлектеріміз тек Қазақстан Республикасында ғана емес, шет мемлекеттерде де қызмет жасай алады.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КАФЕДРАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ
Жақсылық Данияр Елүбайұлы - Еуразиялық экономикалық комиссия директорының орынбасары
Ныгыметов Гани Сактаганович - Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры
Сулейменова Зульфия Булатовна - Президенттің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі
Тулекин Улыбек Адильбекович - Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшілігі, 2-хатшы
Абдрахманов Болат Темиржанович - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі, Саяси талдау бөлімінің 2-хатшысы
Тюзюльбаев Ермек Касымович - Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы, Словения Республикасындағы Елшілігі және Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдігі
Курмашев Айдар Кенжебекович - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Азиялық зерттеулер бөлімінің басшысы
Оралов Асхат Раздыкович - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт экс-министрі
Шерьязданова Камилла Галимовна - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Дипломатия институты директорының орынбасары
Майканов Ануар Сапаргалиевич - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Әкімшілік департаментінің директоры
Казтаева Раушан Мажитовна - Ұлттық нейрохирургия орталығы Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс секторы
Абдуахитова Айнур Нурлановна - Жоба менеджері, «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ
Пернебаева Жадыра Мыктыбайкызы - Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы
