
Материалдық-техникалық база
Кафедра локальды желіге біріккен, жаһандық желі Интернетке қосылған, шетелдік университеттермен бейнесеминар және тренинг өткізуге мүмкіндік беретін, қазіргі заманғы оқыту құралдары – компьютерлік сыныптарды қолданады. Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық және инструменталды жүйені, тілдік құралдар мен қолданбалы бағдардамаларды есепке алғанда әртүрлі бағдарламалық қамтамасыз ету құрылғылары пайдаланылады.
Халықаралық қатынастар ОБ бойынша білім алып жатқан № 1 (ОӘК) оқу корпусында мүмкіндігі шектеулі және мүгедек студенттер үшін барлық жағдайлар жасалған (Кіре берісте пандус, сонымен қатар оқу корпусының барлық қабаттарында лифт жұмыс істейді).
Әлеуметтік қолдау бағдарламасы барысында университтетте медициналық орталық және студеттік кинотеатр (№ 5 студенттер үйінде), спорт секциялары (футбол, волейбол) жұмыс атқаруда.
Кітапхананың ақпараттық ресурстарға қолданушылардың қол жеткізуі интернет сайт library.enu.kz және ғылыми кітапхананың www.enulib.enu.kz толық мәтінді база қорының арқылы жүзеге асырылады.
Ғылыми кітапхананың веб сайты: орыс және ағылшын тілдерінде ұсынған. Кітапхана сайтын күнделікті - 3000 жуық қолданушылар құрайды. Кітапхананың веб сайты арқылы оқырмандарға газет және журналдар қол жетімді, жаңа әдеби туындылармен танысу мүмкіндігі бар, сонымен қатар халықаралық қатынастар саласы бойынша әлемдік кітапхана ресурстарымен қолдану мүмкіндігі бар.
Ақпараттық сұраныстар мен пікірлерді зерттеу халықаралық қатынастар ОБ бойынша білім алатындарға сапалы қызмет көрсетудің негізгі шарты болып табылады. Бұл оқу залдарын пайдаланушылардан, абонементтік, кафедра күні аралығында сауалнама алу арқылы, пайдаланушылардың іздеу сұрауларын талдау арқылы жүзеге асырылады.
Кітапхана фондының қажеттілігі қолданушыларға қызмет көрсету мен кітап беру сандары арқылы анықталады ( ПРО ЕҰУ рәсімі 405-16 «Кітапхана», ЕҰУ Ректор бұйрығымен бекітілген №11-21 27.09.2016 ж.).
«Шығыстану» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін ресурстық қамтамасыз ету Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының негізгі қорымен жүргізіледі. Ғылыми кітапхананың қоры – бұл жоғары оқу орынында ғылыми-зерттеу үрдісі мен оқу-білім беруге көмек көрсететін экономика мен аралас пәндерден, техника мен ғылымның әртүрлі салалары бойынша сақталған 1,5 млннан астам отандық және шетелдік басылымдар бірлігі. Қорда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессор-оқытушылар құрамының диссертациялары және диссертацияларының афторефераттары, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары неғұрлым толық деңігейде көрініс тапқан.
Шығыстану кафедрасы жанында араб тілі кабинеті, (314 ауд, 227 ауд №1 ОӘК), парсы тілі аудиториясы (315 ауд. №1 ОӘК), корей тілі аудиториясы (338 ауд. №1 ОӘК), жапон тілі аудиториясы (237 ауд. №1 ОӘК), қытай тілі аудиториясы (238 ауд. №1 ОӘК). Бұл орталықтар білім алушыларды шығыс тілдері саласындағы ғылыми-тәжірибелік әдебиеттерге қол жетімділікпен қамтамасыз етілген және кафедра локальды желіге біріккен, жаһандық желі Интернетке қосылған, шетелдік университеттермен бейнесеминар және тренинг өткізуге мүмкіндік беретін, қазіргі заманғы оқыту құралдары – компьютерлік сыныптарды қолданады.
