
Практика және еңбекпен қамту
Кәсіби практика студенттердің оқу процесінде алған теориялық және практикалық білімдерін кеңейтуге және бекітуге, таңдаған ЭБ бойынша практикалық дағдыларды меңгеруге және жетілдіруге, болашақ кәсіби іс-әрекетке дайындалуға бағытталған.
Кәсіби тәжірибенің негізгі базалары келесі ұйымдар болып табылады: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, Египет мәдени орталығы, Парсы мәдени орталығы, Еуразиялық туризм қауымдастығы.
Сондай-ақ студенттерге кәсіптік практика негіздерін өз бетінше іздеу құқығы беріледі. Көбінесе студенттердің мұндай бастамалары келесі мақсаттардан туындайды: олар болашақта қай компанияда немесе ұйымда жұмыс істегісі келеді, қандай функцияларды орындағысы келеді. Шығыстану мамандығының студенттері үшін шет тілдерін алған білімдерін практикада қолдану мүмкіндігінің маңызы зор. Студенттердің тәжірибе орнын өз бетінше таңдауындағы маңызды сәт ұйым бейінісінің «шығыстану» мамандығына сәйкестігі болып табылады. Студенттердің кәсіби тәжірибесінің негізгі негіздері мыналар болуы мүмкін:
- Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының департаменттері мен ведомстволары, халықаралық ынтымақтастық департаменттері;
- халықаралық ұйымдардың өкілдіктері;
- ұлттық, мемлекеттік, жеке коммерциялық кәсіпорындардың, трансұлттық компаниялардың халықаралық бөлімшелері;
- шетелдік үкіметтік емес ұйымдардың өкілдіктері;
- ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары;
- шетелдік және отандық мәдени-ақпараттық орталықтар, кітапханалар мен мұрағаттар;
- Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің дипломатиялық және сауда өкілдіктері және т.б.
Халықаралық қатынастар факультеті шығыстану кафедрасының еңбекпен қамту анықтамасы
2017 жылы Шығыстану кафедрасы түлектерінің саны 33 адамды құрады. 2017 жылы қазақстандық және шетелдік университеттерде жұмысқа орналасқан және оқуын жалғастырған түлектер саны 28 адамды құрады. Осылайша, бүгінгі таңда "5В020900" – Шығыстану" және "6М020900 – Шығыстану" мамандықтары бойынша түлектердің жұмысқа орналасу пайызы 83% құрайды.
Шығыстану кафедрасы түлектерінің саны екі бағыт бойынша (бакалавриат және магистратура) 2018 жылы 26 адамды құрады. 2017 жылы қазақстандық және шетелдік университеттерде жұмысқа орналасқан және оқуын жалғастырған түлектер саны 22 адамды құрады. Осылайша, бүгінгі таңда "5В020900" – Шығыстану" және "6М020900 – Шығыстану" мамандықтары бойынша түлектердің жұмысқа орналасу пайызы 83% құрайды.
Жұмыс берушілердің сараптамалық бағалауына сәйкес білім беру бағдарламалары мен пәндер еңбек рыногының, қоғам мен жұмыс берушілердің өзгеріп отыратын талаптарына сәйкес келеді. Оны шығыстану кафедрасы түлектерінің жұмысқа орналасуының жоғары деңгейі куәландыра алады. 2021 жылы шығыстану кафедрасының бакалавриат түлектерінің контингенті 38 болса, оның 7-сі жұмысқа орналасты. Мамандықтары бойынша 20 адам жұмыс істейді. 4 адам оқуларын магистратурада жалғастыруда, оның ішінде 2 адам шетелде оқиды. Бала күтімімен 1 түлек декреттік демалыста дайындықтан өтуде.
Шығыстану кафедрасының түлектері мемлекеттік мекемелерде, сыртқы байланыс органдарында, ұлттық және шетелдік компанияларда, елдің жетекші жоғары оқу орындарында және әртүрлі зерттеу орталықтары мен институттарында жоғарғы позиция иеленуде.
Бүгінгі күні ынтымақтастық жөнінде бекітілген шарттар негізінде келесі ұйымдар тәжірибеден өту базасы ретінде саналады: ҚР Сыртқы Істер Министрлігі; Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ғылым академиясы; Еуразия туризм ассоциациясы ЖШС; Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігінің мәдени бөлімі; «Астана» халықаралық ғылыми кешені; «Mega Global» ЖШС; «East Dragons» ЖШС; «Daneker» халықаралық аударма орталығы ЖК; «Bulanai Education»ЖК.
Жоғары білім мамандықтары бойынша МЖМББС сәйкес 6В02209 – шығыстану мамандығының студенттері білім алу барысында оқу, өндірістік және диплом алды практикаларынан, ал магистранттар зерттеу және педагогикалық практикалардан өтуге міндетті.
Практика білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ол студенттерге пиактикалық дағдыларын қалыптастырып, жетілдіруге көмегін тигізеді. Практикалардың барлық түрінің мерзімі мен ұзақтығы 2021-2022 оқу жылының академиялық күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. (1 кестені қараңыз)
6В02209 – «Шығыстану» мамандығы бойынша кәсіби практикадан өту кестеті
|
Шифр |
Мамандық |
Курс |
Практика түрі |
Мерзімі |
Кредит |
Апта |
|
6В02209 |
Шығыстану |
2 |
өндірістік |
23.05.22-11.06.22 |
3 |
3 |
|
6В02209 |
Шығыстану |
3 |
өндірістік |
23.05.20-25.06.22 |
6 |
5 |
|
7М02209 |
Шығыстану |
2 |
педагогикалық |
01.09.21-14.12.21 |
3 |
15 |
|
7М02209 |
Шығыстану |
2 |
зерттеу |
24.01.22-31.03.22 |
10 |
10 |
|
5В020900 |
Шығыстану |
4 |
өндірістік |
04.01.22-06.03.22 |
9 |
9 |
|
5В020900 |
Шығыстану |
4 |
диплом алды |
07.03.22-07.05.22 |
9 |
9 |
Cтуденттердің өздеріне практикадан өту орындарын іздеуге мүмкіндік берілген. Олар өздерінің болашақтта қызмет еткісі келетін салаларда практикадан өтуді қалайтындықтан, білім алушыларға практикадан өту орындарын өз қалауларымен іздеуге қолғабыс етіледі. Шығыстану мамандығында оқитын студенттердің практика өту барысында практика орнынан жоғары баға алуларына шет тілдерін білетіндіктері үлкен қолғабыс етеді. Кәсіби практиканың негізгі базасы ретінде төмендегі мекемелер бола алады.
2021-2025жж. жылдарға арналған шығыстану кафедрасының түлектерін жұмысқа орналастыру туралы ақпарат.

|
Сүгірбаев Болат Болатұлы 2005 ж. «Шығыстану" Бакалавриат Малайзия мен Бруней-Даруссаламдағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі |
Құдайбергенов Ахмед Қажымұратұлы 2013 ж. "Шығыстану" Бакалаавриат 2015 ж. "Шығыстану" Магистратура Қазақстан Республикасының БАӘ елшілігі, үшінші хатшы |
Уразгалиева Мадина 2021 ж. “Шығыстану” Бакалавриат БҰҰ Enumerator/Data collector Венгриядағы украиндықтардың интеграциясы |
Ерік Ляйла Ғабитқызы 2016 ж. «Шығыстану» Бакалавриат БҰҰ көші-қон бойынша агенттігі Административтік/HR Ассистент |


|
Олжас Бейсенбаев 2013 ж. "Шығыстану" Магистратура Қазақстандық қоғамдық даму институты Басқарма төрағасының орынбасары |
Тұрлыбек Жұлдыз 2023 ж. "Шығыстану" Магистратура
ҚР-дағы Корей Республикасының елшілігі (консулдық мәселелер бойынша сарапшы) |
Саханов Абай Бейбитович 2016 ж. «Шығыстану» Бакалавриат ШЫҰ технологияларын трансферлеу бойынша қытай орталығы, ХСП директоры |



|
Айнекбаева (Еркін) Әсел Серікқызы 2018 ж. «Шығыстану» Бакалавриат 2020 ж. «Шығыстану» Магистратура ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаменті. |
Тастамбекова Томирис Мұратқызы 2017 ж. "Шығыстану" Бакалавриат ҚР-дағы Катар елшілігі |
Серік Осман Ғабдылғазизұлы 2016 ж. “Шығыстану” Бакалавриат 2018 ж. “Шығыстану” Магистратура ҚР-дағы Иордания Хашимит Корольдігінің Елшілігі, араб тілі аудармашысы. |
Айгумусова Айгул 2004 ж. "Шығыстану" Бакалавриат 2018 ж. "Шығыстану" Магистратура ҚР-дағы Палестина Мемлекетінің елшілігі - Елшінің көмекшісі |


|
Ізет Нұрлыжан Серікұлы 2022 ж. "Шығыстану" Бакалавриат Есіл ауданы әкімінің аппараты Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы |
Мукушев Жамбул Булатович 2023 ж. «Шығыстану» Магистратура ҚР Иран Ислам Республикасының Елшілігі Мәдениет және дін мәселелері жөніндегі сарапшы |
6В02209- шығыстану, 7М02209- Шығыстану (қазан айы бойынша) түлектерін жұмысқа орналастыру пайызы.
| ОБ | Бітіру жылы | Түлектердің саны | Түлектердің грант саны | Жұмыспен қамтылған түлектердің саны | Жұмыспен қамту % |
| 6В02209-Шығыстану | 2021 | 38 | 7 | 35 | 95% |
| 7М02209-Шығыстану | 2021 | 7 | 7 | 7 | 100% |
| 6В02209-Шығыстану | 2022 | 59 | 27 | 59 | 100% |
| 7М02209-Шығыстану | 2022 | 8 | 8 | 8 | 100% |
| 6В02209-Шығыстану | 2023 | 33 | 23 | 30 | 91% |
| 7М02209-Шығыстану | 2023 | 8 | 8 | 8 | 100% |
Бітірушілерді жұмысқа орналастыру көрсеткіштерінің талдауы еңбек нарығындағы өзектілігін көрсетеді. Жұмыспен қамтудың кейбір көрсеткіштерінің төмендеуі бітірушілерді еркін бөлумен, балаларды күтіп-бағу үшін босануға байланысты демалысқа және әскери қызметке байланысты.
6В02209 - Шығыстану мамандығы бойынша бітірушілердің негізгі жұмыс берушілері ретінде мемлекеттік қызмет органдары, министрліктегі кеңесші/көмекші, халықаралық корпорациядағы/ұйымдағы талдаушы, БАҚ-тағы аудармашы/кеңесші мен жеке құрылымдар болып табылады.
Сонымен қатар, бітіріп кеткен түлектер магистратура мен докторантурада оқуларын жалғастыруда.
Шығыстану кафедрасының "жұмыс берушілер" базасы
Түйіндеме ссылка
https://drive.google.com/drive/folders/1xpf3jFXBWYfrYX0Ti2zE9FLFHRKhI2HC?usp=sharing








