
Халықаралық ынтымақтастық

Әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен және университеттерінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту – кафедра қызметінің басым бағыттарының бірі. Саясаттану кафедрасы ТМД университеттерімен тығыз әрі тиімді серіктестік жасауда – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Сібір федералды университеті, Ереван мемлекеттік университеті, Камеров мемлекеттік университеті, Еуропаның университеттерімен ғылыми орталықтары – Еуропаның қауіпсіздік зерттеу орталығы (ГФР), К.Охрид атындағы Софийлік университеті және «Қасиетті Кирилл мен Мефодия» Великотырново университеті (Болгария), Варшава және Вроцлава университеттері(Польша), АҚШ университеттерімен – Луисвиль, Нью-Мехико, Сан-Франциско мемлекеттік университеті және басқалары. ПОҚ және кафедра студенттері үшін білім және тәжірибе алмасу мақсатында академиялық мобильділік дамып келеді. Академиялық мобильділік арқылы саясаттану кафедрасының студенттері Оңтүстік Кореяның оқу орындарында білім алды – Ханкук (Смакова Ж. , Искакова Ж.) ,Йонсей (Ахметова А.) университеттерінде , Витаутас Магнус университетінде –Искаков А., Нуртазин Д., Питсбург мемлекеттік университетінде – Жумагалиева Б. Және т.б. ERASMUS+ бағдарламасы бойынша PhD докторы Айкенова Д.М ғылыми- зерттеу тәжірибесінен өтті, ал 6М050200 – саясаттану мамандығының 2-курс магистранттары Кизабекова Анар мен Галямова Марьям Польшаның Вродслав университетінде бір семестр білім алды. Дәл осы бағдарлама бойынша саясаттану кафедрасында Давор Бобан (Хорватия), Петр Сула мен Норберт Томашевский (Польша) ғылыми тәжірибеден өтті.
Саясаттану кафедрасы басқа да оқу орындарының студенттерін оқыту мақсатында және тәжірибе аламасу үшін оқуға қабылдайды - кафедрада Украинаның азаматтары Рубан С. Пен Ленский А. ұзақ мерзімді негізде білім алса, қысқа мерзімді (1 семестрге дейін) негізде соңғы 3 жылда Камеров мемлекеттік университеті , Астрахань мемлекеттік унтверситеті, М.К. Аммасова атындағы Солтүстік – Шығыс федералдық және Варшава университетінен 20-дан астам магистрант пен студенттер келіп білім алған. Кафедраның профессор оқытушылар құрамы шетелдерде танылған ғылыми орталықтар мен университеттерде өз біліктілігін арттыруда – Норвич (Ұлыбритания) – Искиндирова Ж.Ж. және Жолдыбалина А.С., Карлов университетінде (Чехия) – Нұртазина Р.А. және Аубакирова Л.Т., Ланьчжоу университетінде (ҚХР) – Қалиоллаұлы Дәрмен т.б.
Саясаттанушыларды халықаралық стандартты деңгейде дайындауда үлкен үлес қосқан шетелдік оқытушылар - Чарльз Зиглер мен Джейсон Гейноус (Луисвиль,АҚШ университеті), Грегори Глиссен (Маршал орталығы, Германия), Татьяна Дронзина (К.О.Охрид атындағы Софийлік университеті), Уяма Томохико (Хоккайдо университеті, Жапония), Эдвард Цирсон (А.Мицкевич атындағы унтверситет, Польша), Себастьян Пейроус (Дж.Хопкинс университеті, АҚШ), Рубен Азизян (Гонолулу университеті,АҚШ), Анджей Вержбицкий (Варшава университеті, Польша), А.Шварц (New School,АҚШ), Э.Шатц (Торонто университеті, Канада) және т.б.
