
Материалдық-техникалық база
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасы Қ. Сәтбаев көшесі, 2 мекен-жайы бойынша №1 корпусында орналасқан.
Жалпы ауданы 4491 м2. құрайды, пайдалы ауданы – 3195 м2. Барлық аудиториялық қоры 2878 м2 құрайды. Таза аудиториялық қоры – 2319 м2, оның ішінде: кабинеттер – 184,1 м2, спорт залы – 535 м2, жаттығу залы – 85,9 м2, мәжіліс залы – 307,6 м2, басқа да оқу аудиториялар – 1206,4 м2, асхана – 31,5 м2, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер – 75 м2, басқа да техникалық бөлмелер – 1457,7 м2. Корпус бойынша барлық отыратын орындар саны – 458.
Оқу үдерісінде 13 компьютермен жабдықталған компьютерлік сынып, оқу телерадиостудиясы, ноутбуктер, бейнекамера, радиоаппаратура, проектор қолданылады.
Ғимарат бөлмелері заманауи оқу жиһаздарымен, компьютерлік техникамен, стенділермен жабдықталған, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және жалпы ережелер мен өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келеді.
Университетте кітапханалық-ақпараттық қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесі енгізілген, кафедра мен факультеттің тапсырысы бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттер сатып алынады. Кафедра мамандық бойынша жаңа әдебиеттерді мониторингілеу және қажетті оқу әдебиеттерін алу мәселелері бойынша кітапханамен тапсырыс түрінде тығыз байланыс орнатқан. Университет түрлі бағыттар бойынша мазмұнды және әр түрлі әдебиеттерді сатып алады. «Саясаттану» бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының контингенті «Отырар» ғылыми оқу залының қорын пайдалануға мүмкіндігі бар. Залдың сыйымдылығы 350 орын.
Ғылыми кітапхананың құрылымында – 6 бөлім бар: құжаттарды іріктеу және өңдеу бөлімі, құжаттарды каталогтау және жүйелендіру бөлімі, кітапханалық-ақпараттық процестерді автоматтандыру бөлімі, ақпараттық-библиографиялық бөлімі, ғылыми-әдістемелік бөлім, оқушыларға қызмет көрсету бөлімі. Кітапхананы пайдаланушылар үшін 4 абонемент және 700 орындық 7 оқу залы жұмыс істейді.
Кітапханада 4 каталог әрдайым толықтырылып отырады: дәстүрлі (алфавитті, жүйелі, қызметтік) және электронды каталог, сонымен қатар «Оқу процесінің кітаппен қамтамасыз етілу картотекасы» мен электронды «Мерзімді басылымдар мақалаларының картотекасы». 2008 жылдан бері автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық бағдарламасы (КАБИС) енгізілген. Ол басты негізгі кітапханалық процестерді автоматтандырады: қорды іріктеу, каталогтау, оқушылар мен кітаптарды беруді және жазылуды тіркеу, сондай-ақ құжаттарды кітапханалық сипаттаудың барлық өрісі бойынша ақпаратты іздеуді жедел түрде жүзеге асырады. Электронды каталог кітапхананы пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сай келеді, онда толық мәтінді кітаптар мен мақалалар жайлы, кітапхананың электронды қоры туралы ақпарат алуға мүмкіндік бар. Іздеу «Атауы», «Авторы», «Шыққан күні», «Пәндік айдары», «Басылымы» бойынша жүзеге асырылады. Іздеудің нәтижесі материалдар мен толық мәтінді архивтерге сілтемені көрсетуші атаулардан тұратын құжаттардың тізімі болып табылады. Электронды каталог университеттің локальды желісіне қосылған кез келген жеке компьютер арқылы пайдаланушылардың барлық санаттары үшін қолжетімді. Электронды каталогта мәліметтердің тақырыптық базасы бар: «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессорлық-оқытушылар құрамының еңбектері», «Басылымдар беттеріндегі Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ», «Жоғары мектептің актуалды мәселелері», «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де қорғалған диссертациялар», «Жаңа түсімдер» және т.б.
Студенттер Интернетке қауіпсіз WiFi арқылы Республикалық ЖОО аралық электронды кітапханасына (РЖЭК) www.rmeb.kz, Қазақ Ұлттық электронды кітапханасына (ҚазҰЭК) www.kazneb.kz, «Адилет» БД «Адилет» www.adilet.zan.kz және мәліметтер мен ресурстардың әлемдік базалары: «SpringerLink» www.rd.springer.com, «Тhomson Reuters» www.wokinfo.com, «ELSEVIER» www.sciencedirect.com, «ПОЛПРЕДсom» www.polpred.com, «РГБ» www.rsl.ru, www.nabrk.kz, Назарбаев университетінің кітапханасы www.library.nu.edu.kz, РҒПК (Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана) және Қазақстанның ЖОО кітапханалары www.rmeb.kz, сондай-ақ шетелдік ЖОО кітапханаларының (МГУ им. М. В.Ломоносова Челябинская государственная академия культуры и искусств www.chgaki.ru, Софийский университет им. Св. Климента Охридского www.uni-sofia.bg және т.б.) каталогтарына қол жеткізе алады.
Университеттің территориясында интернетке қолжетімділік бар (университет ІР адресін пайдаланған жағдайда). 45 орынға арналған «Отырар» кітапханасының электронды қоры Интернет желілеріне қосылған 45 компьютермен жабдықталған. Студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамы университеттің локальды желісі арқылы http://library.enu.kz. адресі бойынша орналасқан «Толық мәтінді электронды ресурстар» ғылыми кітапханасының электронды қорын пайдалана алады. Бұл оқыту мен білім берудің сапасын едәуір жақсартып қана қоймай, сонымен бірге профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың әлемдік ғылыми білімдерге және жетістіктерге барынша тартылуға мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламасында оқу процесі кезінде пайдаланылатын негізгі және бейіндік пәндер бойынша оқу, әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қоры мамандар дайындаудың толыққанды сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Негізгі және қосымша әдебиеттер қоры соңғы басылымдармен әрдайым жаңартылып отырады.
Студенттер мамандық пәндерінің мазмұнын сапалы игеруді қамтамасыз ететін электрондық нұсқадағы дереккөздерді белсенді түрде пайдаланып келеді. Кафедрада білім беру бағдарламалары жүзеге асыратын пәндер бойынша ең жаңа әдебиеттерді қамтитын электронды кітапхана бар. Білім беру бағдарламасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылары университеттің локальды желісі мен Интернетке қосылған компьютерлік сыныптарды пайдалануға мүмкіндіктері бар. Интернет желісінің мүмкіндігі секундына 100 Мбитті құрайды. Интернет пен университеттің локальды желісіне еркін қолжетімділік оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін әлемдік электронды каталогтарға, университет сайтындағы жедел ақпараттарға және қажетті электронды материалдар мен дереккөздерге, алдағы болашақтағы тағылымдамадан өту орындарын іздеуге, зерттеу жұмыстарын жариялауға, республикалық және халықаралық форумдарға, дөңгелек үстелдерге, конференцияларға, жекелеген ғылыми мүдделер аясында шетелдік профессорлармен және сарапшылармен байланысуға кең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
Университетте білім алушылардың білімдерін объективті бағалау мен ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «Platonus» ақпараттық жүйесі енгізілген. Білім алушылар кейстер мен білімді бақылауға қол жеткізе алады.
Сондай-ақ университетте университеттің барлық ақпараттық жүйесіне (АИС «Platonus», АИС «Synergy», ENULIB – электронды кітапханасы, корпоративті пошта, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ресми сайты) кірудің бірыңғай нүктесі - «INFOKIOSK.ENU» жобасы жұмыс істейді.
Бұл білім алушыларға өз бетінше тіркеу үшін жазылуға, АИС «Platonus» оқу процесін басқару жүйесінің жеке кабинетіне (ағымдағы бағаларды қарау, курстарға жазылу), сонымен қатар электронды құжат айналымы (Synergy) жүйесіне, корпоративті поштағы қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Кафедраның материалдық-техникалық базасы жүйелі түрде жаңартылып, жетілдіріліп және кеңейтіліп отырады. Университет лабораториялық жабдықтар, оқу әдебиеттерін, мерзімдік басылымдар, ақпараттық ресурстар, компьютерлер алу үшін қаржы бөледі. Университеттің материалдық-техникалық базасы мен ақпараттық ресурстары сапалы білім беруге және білікті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.
