
Жетістіктер
2023 жылы 6В03105 «Аймақтану» тобы НААР рейтингінде бірінші орынды иеленді.
2023 жылы 8D03105 «Аймақтану» білім беру бағдарламасы НААР рейтингінде бірінші орынды иеленді.
Профессор-оқытушылар құрамы және аймақтану студенттері ғылыми-зерттеу қызметінде, оқу-әдістемелік және әлеуметтік жұмыста, кафедраның білім беру бағдарламаларын насихаттауда және жұмыс берушілермен және шетелдік серіктестермен ынтымақтастықта жетістіктерге жетуде. Профессор-оқытушылар құрамының қызметі халықаралық, ұлттық және университет деңгейінде мойындалғанын ведомстволық марапаттар дәлелдейді. Аймақтану кафедрасының профессор-оқытушылары барлық дәрежедегі марапаттар, құрметті атақтар және мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері болып табылады.
Даркенов К.Г. 2019 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталған. Кушкумбаев А.К. 2019 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. 2023 жылы Даркенов К.Г. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Е.Кариннен және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың атынан алғыс хат алған.
2021 жылы Нұрбаев Ж.Е. Джордж Вашингтон университетінде (АҚШ) Орталық Азия мен Әзербайжанның жас зерттеушілері үшін CAAFP бағдарламасы бойынша грант алған. Стажировка мерзімі: 2022 жылғы ақпан-маусым. Сондай-ақ, Нұрбаев Ж.Е. ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері болды.
Аймақтану кафедрасының доцент м.а. Какенова З.А. кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысқан. 2022 жылғы наурыз және сәуір айларында ол Мичиган университетінде (АҚШ) «Weiser Center for Europe and Eurasia, Weiser Professional Development Fellow» бағдарламасы аясында оқудан өткен. Сонымен қатар, 2022 жылғы мамырда Какенова З.А. Бішкек (Қырғызстан) қаласындағы ЕҚЫҰ Академиясында «The Training in Peace and Conflict» тренингінен өтіп, қақтығыстарды теориялық талдау және медиация әдістерін меңгерген.
2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап Болысбекова М.К. «500 ғалым» бағдарламасы (Болашақ стипендиясы) бойынша Дрезден техникалық университетінің Шығыс және Орталық Еуропаны зерттеу орталығында ғылыми стажировкасын ресми түрде бастаған. Сондай-ақ, ол Потсдам университетінде Халықаралық зерттеулердің Еуропалық қауымдастығының (EISA) 16-шы Жалпы еуропалық халықаралық қатынастар конференциясына («Pan-European Conference on International Relations») қатысқан.














